Previous Page  227 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 227 / 400 Next Page
Page Background

227

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

көпшілік ғалымдар хадисін негізге алу қажет дейді.

Ханафилер ойларын «Егер рауидің өзі жеткізген хади-

ске қайшы амал еткені нақты болса, хадисті дәлелге

алуға болмайды. Егер жеткізушінің амалы жарамсыз

болса, онда хадисі де негізге алынбайды. Мұндай

жағдайда хадисті жеткізуші әділдік сипатынан айы-

рылады. Сондықтан, онымен амал етуге келмейді»

деп түйіндейді. Ал көпшілік ғалымдардың ойынша,

«Рауидің амалы емес, хадисі дәлелге саналады. Оның

хадиске қайшы амал етуі – өзінің ижтихадының

нәтижесі. Ал оның жеке ижтихады өзгелердің де дәл

сол көзқарасты таңдауын қажет етпейді» дейді. Намаз-

да рукуғқа барар кезде қолды көтеріп-көтермеу, Әбу

Хұрайраның ит жалаған ыдысты жеті рет емес, үш рет

жууы осындай екі түрлі көзқарастың шығуына себеп

болған.

Фиқһ саласындағы ихтилафтар сахабалар кезеңінің

өзінде кездескен. Кейінгі мүжтәхид имамдардың да

түрлі көзқарасты ұстануы да осы кезеңге тән. Имам

әд-Дәхләуи ихтиләфтарға қатысты сахабалардың

арасында (айт намаздарында айтылатын тәкбірлер,

харам болған неке, Ибн Аббас пен Ибн Мәсғудтың

тәшәххудтері, қиямда «Бисмиллаһты», «Әминді» іштей

айту, қамат түсіргенде тәкбірлерді бір рет немесе екі рет

айтуға қатысты) түрлі көзқарастардың болғанын айта

келе, «Біздің сәләф (алғашқы кезеңдегі) ғалымдарымыз

шариғаттың негіздерінде емес, тек екі нұсқаның абза-

лын таңдау мәселесінде түрлі пікірде болған.

Жалпы, көзқарасы үйлесе бермейтін сахабалардың

барлығы да тура жолда еді. Сондықтан, ғалымдарымыз

әу бастан мүжтәхид мүфтидің пәтуа беруін, әділ

қазылардың заман талабына үн қатып, жаңаша пәтуалар