Previous Page  229 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 229 / 400 Next Page
Page Background

229

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

жағдайға қарай түрленуі әрі тигізер пайдасына қарай

өзгеріске ұшырауы мүмкін. Мысалы: су өзінше бір

ақиқат, субстанция. Бірақ, су бір ақиқат болғанымен,

барлық адам оның игілігін бірдей көріп пайдалана

алмайды. Әрине, адам суға мұқтаж. Бірақ, адамның

жағдайына қарай ақиқат екендігі талас тудырмай-

тын судың да үкімі өзгеруі мүмкін. Мысалы, қатты

сырқаттанған адамға су – шипа, емделіп, ауруынан

айығуы үшін ол суды ішуі керек, олай болса, бұл

жерде сырқат адам үшін су ішу − уәжіп. Егер ішпесе,

денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Енді екінші бір адам ауруына байланысты уақытша

су ішпеуі керек, егер ішсе у ішкендей денсаулығын

құртады. Олай болса, бұл адамға су ішу − харам. Ал

енді біреуге судың тигізер зияны пайдасынан артық

болса, оған су ішу − мәкрүһ. Ал тағы бір адамға су

ішудің зияны жоқ, сондықтан ол адамға су ішу − рұқсат.

Енді бір адам үшін су ішудің пайдасы да, зияны жоқ.

Ал енді біреуге суды ішу өз еркіне байланысты, қаласа,

ішеді, қаламаса, ішпейді. Олай болса, бұл адамға су

ішу − мүбах. Бұдан байқағанымыздай, судың өзінен

оны қолданатындардың жағдайына қарай бес түрлі

үкім шығаруға болады. Осылайша, Аллаһтың үкімдері

адам баласының жағдайына қарай өзгеріп отырады.

Сол секілді мәзһабтар арасында әр түрлі пікірлердің

кездесуі – өз ретінде пайдалы әрі дұрыс.

Қазіргі жағдаймен түсіндірер болсақ, қандай да

бір елде міндетті түрде Ата заң қабылданады. Бұл

Ата заң – барлық заң жиынтығының негізі болып са-

налады. Ал түп негізін Ата заңнан алатын ірілі-ұсақты

заңдар өте көп, олардың бәрі сол Конституцияда

жазылған негізгі қағиданың, (ережелердің) төңірегінен