Previous Page  230 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 230 / 400 Next Page
Page Background

230

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

«шықпайды». Ата заңға томпақ келетін әрбір әрекет

бұрыс, заңсыз болып табылса, ал осы заңның

дәрежелерін басшылыққа алған барлық іс дұрыс болып

саналады. Бұл айтылғандар да жағдайға қарай түрлі

мән-мазмұн иеленеді. Міне, сол секілді жалпы және

жалқы қағидаларды қамтыған шариғатымыз бар. Ал

осы шариғатқа негізделген тармақтар, яғни, мәзһабтар

өмірдің қалтарыс-бұлтарыстарында қалай әрекет

ету керектігімізді түсіндіріп береді. Бірақ, Аллаһтың

белгілеген шариғаты мен адамдардың қолынан шыққан

Ата заң салыстыруға келмейді. Ата заңның тармақтары

мен фиқһ ғылымының айырмашылығы жер мен көктей.

Ата заң біреу-ақ, бірақ тармақтары көп. Шариғат та

біреу-ақ, бірақ фиқһи тармақтары жетіп-артылады.

Алайда, Ата заң өзгеруі мүмкін, бірақ, Ислам шариғаты

(Құран мен хадистің жалқы үкімдері) қандай заман

орнаса да өзгермейді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Құранның кейбір

аяттары бір ауыз сөзбен айтылса да, сан алуан мағынаны

қамтиды. Бұл өз кезегінде түрлі ойдың тууына себеп

болады. Бірақ, бұл бөлінуге емес, білім мен ізденіске

бастап, Аллаһтың разылығына, ақиқатты ашуға деген

адамның ынта-ықыласын оятады. Кез-келген мәселенің

ауқымды әрі жан-жақты екенін ұқтырады. Және түрлі

көзқарастың болуы дініміздің өміршеңдігі мен жағдайға

қарай жарып шығар жасампаздығын танытады. Ал,

бұл өз кезегінде тісін басып, тізе батырған тығырықтан

шығуымызға сөзсіз көмектеседі, яғни, қолайымызға

жаққан мейлінше ыңғайлы жолмен амал етуімізге

септігін тигізеді. Танымның терең тұңғиығынан, шет-

шегі жоқ мұхитынан көзқарастардың мол болуынан

діннің бүкіл адам баласының жағдайына қарай жалпы