Previous Page  211 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 211 / 400 Next Page
Page Background

211

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

түйінін сол кезде шешіп, ғасырлардан кейін орын

алар мәселелерді егжей-тегжейлі баяндаса, адам-

зат сан ғасырлық қоғамдық-мәдени, әлеуметтік және

экономикалық алғышарттарды аз уақыттың ішінде

жүйелеп, жүзеге асыруға міндетті болар еді. Сол себепті

бұл – Жаратқанның белгілеген заңдылықтарына қайшы.

Сондай-ақ, ол Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бұл дүниемен қош айтысқан сәтінен бастап, білім-

ғылым мен техника-технологияның дамуы тоқтап,

адамзаттың тоқырауға ұшырайтынын білдірмейді

ме?! дегенге саяр еді. Имам әш-Шатиби осы мәселеге

қатысты «Шариғатта жекелеген әрбір оқиғаға қатысты

арнайы жеке-жеке аят-хадис келмеген. Қайта, сансыз

оқиғалар мен жағдайларды қамтитын жалпы қағидалар

мен абсолютті нормалар түскен»

384

деп ой түйіндейді.

Жалпылама, айтылған қағидалар мен нормаларға

сүйене отырып, қиямет-қайымға дейін адамзаттың ал-

дынан шығатын мәселелердің шешімін табу мүжтәхид

ғалымдардың еншісіне қалдырылған. Бұл өз кезегінде

Ислам дінінің адамзаттың санасын шырмап, шектеп

тастамай, білімге, ақыл-ойға кең алаң қалдырғанын

айқын көрсетеді.

Ижтихад жасауды ғалымдарымыз жағдайға қарай

айын, кифая парыз, уәжіп, мәндуп тіпті кейде харам

деп түйіндеген. Мәселен, «Егер ижтихад арқылы

шығарылатын үкім бойынша едел-жедел шешілуі тиіс

мәселеде мүжтәхид үшін ижтихад жасау – айын парыз,

ал асықпай анығын білуге болатын мәселеге қатысты

пікір білдіре алатын басқа да мүжтәхид ғалымдар

болған жағдайда ол – кифая парыз, келешекте болуы

ықтимал кез келген жағдайға алдын ала қамданып,

384

Шатиби,

әл-Муафақат,

4-т., 92-б.