Previous Page  206 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 206 / 400 Next Page
Page Background

206

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Сонымен қатар, шариғат бойынша саудагер қолында

жоқ тауарды саудаға шығара алмайды әрі өзінде жоқ

заттың қолына түсетіндігіне ешқандай кепілдік бере

алмайды. Қандай да бір тауар түрі сатушының қолында

болмауы мүмкін немесе сатып алушыға ұнамауы

мүмкін. Алайда, халық қанына сіңген әдет бойынша,

қандай бір затқа тапсырыс беру арқылы

375

да сауданың

көрігін қыздыратындықтан, шариғат оған тыйым

салмаған. Мұны халыққа жасалған жеңілдік деп ұғу

керек.

Кейбір үкімдер Құранда және хадисте жалпы-

лама айтылғанымен, оның нақты шегі мен шешімі

белгіленбегендіктен, ондайда әдет-ғұрып дәлелге са-

налады. Мәселен,

«Ананың тиісті қорегі мен киім-

кешегі баланың әкесінің мойнына міндет..»

376

деген

аяттағы нәпақаның мөлшері нақты айтылмағандықтан,

жергілікті мұсылман халықтың әдет-ғұрпы есепке алы-

нады. Ғұлама Жәссәс өзінің «Ахкәмул-Құран» атты

еңбегінде «Егер ынсапсыз әлдебір әйел өзі секілді

ақжаулықтарға берілетін нәпақадан көбірек қарпып

қалуды көздесе, оның сұрағаны берілмейді. Сол

секілді отағасы да жергілікті әдеттен аттамай, өзінің

әйелі секілді әйелдерге берілетін мөлшерден аз напақа

беруіне де дінде рұқсат жоқ. Заң бойынша оған тиесілі

нәпақасын беруге міндетті»

Осыған ұқсас жағдайдан тағы бір мысал келтіре

кетейік:

«..араларыңнан әділ екі кісіні де куәгер

375

Араб тілінде «истиснаъ» термині сауда-саттық деген мағынаны

білдіреді. Яғни, сатып алушы ұстаға алдын ала ақысын төлеп,

сауда жасасады.

376

«Бақара» сүресі, 233-аят