207
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
етіп алыңдар»
377
деген аятта біреуге қатысты куәлік
қабыл болуы үшін әділдіктен ауытқымау шарт ретінде
бекітілген. Фақиһтар әділдік турасында «Кісіні
тақуалық пен батылдыққа (абыройлы, сыйлылыққа)
бастайтын ізгі қасиет» деп анықтама берген. Атал-
мыш ізгі қасиеттерден алыстататын кез келген жағдай
әділетсіздікке жол ашады. Ал мұндай факторлар уақыт
пен ортаға қарай өрбиді. Бұл мәселеде имам әш-Шатыби
«Мәселен, еркектердің бас киімсіз жүруі тұрғылықты
жеріне қарай өзгереді. Бұл шығыс елдерінде адамның
абырой, сенімділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз әдет
ретінде бағаланса, батыстағы елдерде қалыпты құбылыс
болып саналады. Осындай айырмашылыққа байланыс-
ты діни үкімдер де өзгереді. Шығыс елдеріндегі ер
кісінің бас киімсіз жүруі әділетсіздік болып көрінсе,
батыста мұның ешқандай сөкеттігі жоқ» дейді
378
.
Уақыттың құбылуына қарай үкімдердің өзгеруі
Әдет-ғұрыпқа негізделген үкімдер заман талабына
қарай өзгеріп отырады. Бұған қатысты Шихабуддин
Қарафи «Әдет-ғұрыпқа негізделген үкімдер әдеттердің
өзгеруіне қарай түрленіп отырады. Әдеттердің маңызы
қашқан кезде, үкімнің де күші жойылады. Түрлі
мақсатта есеп айрысу, алу, сату кезіндегі тауарлардан
ақау шығуы т.б. секілді. Мәселенки, қолданыстағы
ақшаның түрі (теңге, доллар, рубль, т.б.) өзгерсе
алу-сату кезінде келісетін ақша ескі ақшамен емес,
жаңасымен жүзеге асырылады. Сол секілді киім-
кешек пен мата өнімдерінен қандай да бір ақау та-
былып, қайтарып беруге себеп болған жағдайларда
377
«Талақ» сүресі, 2-аят
378
А. Зәйдан,
Фиқһ усулу,
(түрік тіліне аударған: Р. Өзжан), Мар-
мара университеті баспасы, Стамбул, 1981