Previous Page  189 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 189 / 400 Next Page
Page Background

189

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

адасады»

343

деген-ді. Олай болса, оның бұл жазбасы-

нан түсінетініміз, Әбу Ханифа қиясты сахих хадистен

басым санамаған. Тіпті, Ибн Хазм, Ирак еліндегі фиқһ

ғалымдарының әлсіз хадистердің өзін қиястан жоғары

санауда бірауыздан келіскендігін айтқан.

Осы ойды Ибн Қайим да қуаттап, «Иьламул-

муаққиғин» атты еңбегінде: «Әбу Ханифаның

шәкірттері, ханафи мәзһабында әлсіз хадистердің

қияс пен ижтихадтан артық саналатындығына

және бұл мәзһабтың негізгі қағидалары осы негізге

құрылғандығына бірауыздан келіскен. Мысалы, «На-

мазда күлу жайындағы», «Сапарда құрманың шы-

рынымен дәрет алу жайындағы», «Он дирхамнан аз

ұрлық жасаған адамның қолын кеспеу жайындағы»,

«Хайыз уақытының ең көбі он күнге созылатындығы

жайындағы» және «Жұма намазы міндетті түрде адам

көп шоғырланған қалалық жерде атқарылуы керектігі

жайындағы» хадистер әлсіз болғанына қарамастан,

қияс пен ижтихадтан артық саналған. Және әлсіз

деген сөз оларды хадис қатарынан шығарып тастау

дегенді білдірмейді, әлсіз хадистер өзіндік тізбегі бар

хадистердің бір шоғыры, ол ол ма, хронологиялық

шежірелік негізі жоқ жазылған көптеген тарихи

еңбектерден әлдеқайда сенімді, объективті болып

келеді. Әлсіз хадис христиандар мен еврейлердің

киелі кітаптарында келтірілген кейбір дәлелдерден

нақты болып саналады. Ғалымдар назарында әлсіз са-

налуына Пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадисті

жеткізушілердің бойындағы кемшіліктері себеп

болған. Негізінде, алдыңғы буын ғалымдар мен кейінгі

ғалымдардың «әлсіз» хадистің терминдік мағынасын

343

Бұл да сонда, 1-т., 47-б.