Previous Page  188 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 188 / 400 Next Page
Page Background

188

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

деп санаған мәселелері және осыған ұқсағандары» деп

ой түйеді.

Олай болса, Әбу Ханифа да осы төрт жүйеден

тысқары кетіп, үкім шығармаған. Оның қиясы (са-

лыстыру тәсілі) хадистен артық дегендерге Әбу

Ханифаның Шағранидің «әл-Мизан» атты еңбегінде

былай дегені жазылған: «Аллаһ атымен ант етейін!

Бізді қиясты настан артық санады дегендер жалған

сөйлеп, бізге жала жабуда», «Егер қандай да бір

мәселеге қатысты нас (Құран немесе хадис) кездесіп

жатса, қиясқа жүгінудің қандай қажеттілігі бар, біз

тек басқа барар жер, басар тауымыз қалмаған зәру

жағдайда ғана қиясты қолданамыз. Қандай мәселе бол-

масын, алдымен Құраннан, сүннеттен және сахабалар-

дан дәлел іздейміз. Егер бұлардан ешқандай дәлел таба

алмасақ, үкімі болмаған мәселені үкімі бар мәселемен

салыстырамыз (қияс жасаймыз)», «Алдымен Құранда

болғанды, содан кейін сүннеттен кездескенін аламыз.

Бұлардан кейін сахабалардың амал қылып, келіскен

мәселелеріне біз де келісіп, сонымен амал қыламыз.

Егер олар қандай да бір мәселеде ортақ келісімге келе

алмай пікір қайшылығына ұрынса, қияс (салыстыру

тәсілі) арқылы шешім шығарамыз». «Аллаһ елшісінен

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жеткен барлық нәрсе біз үшін

барлығынан артық, әке-шешем ол үшін құрбан болсын,

біз оған қарсы шығуымыз мүмкін емес. Сахабалардан

жеткендерді таңдаймыз. Олардан басқалары болса,

олар да адам, біз де адамбыз

342

.

Бір сөзінде Әбу Ханифа «Аллаһтың дінінде райдан

(жеке көзқарас бойынша үкім беру) сақтаныңдар.

Сүннетке бағыну – міндет. Кім бұдан бас тартса,

342

Шағрани,

әл-Мизан

, 1-т., 15-б.