Previous Page  183 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 183 / 400 Next Page
Page Background

183

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

адамды ақыл-есінен адастырып, мас қылуында. Сол

себепті, ішімдіктің кез-келген түрі харам. Олай болса:

Асыл – ішімдік.

Фарғ (тармақ) – ақылынан адастыратын (мас

қылатын) ішімдіктің кез-келген түрі (виски, сыра,

шарап және т.б).

Илла (себеп) – мас болуы.

Хукмул-асыл (негіздің үкімі) – Асылдың харам

болу үкімі наспен дәлелденген (шарап – харам).

Әбу Ханифа қиясты

335

хадистен жоғары

санаған ба?

Құқықтық мәселелер туындағанда Әбу Ханифа

сүннетті қаншалықты дәлел ретінде ұстанғандығы

жайында фиқһ ғалымдарының арасында түрлі пікірлер

бар. Тіпті, «фиқһи мәселелерді шешкенде қиясты ха-

дистен артық санайды» деп, Әбу Ханифаға күмәнмен

қарағандар кездесіп жатты.

Мұны толық түсіну үшін оның фиқһтағы

әдіснамасынан хабардар болуымыз қажет. «Риуаят

етілген хадис жайында оның фиқһи көзқарасы қандай,

оның фиқһи көзқарасы хадиске сай ма, жоқ қайшы

ма? Егер пәтуасы хадиске қайшы келсе, себебі неде?

Мүмкін хадис оған жетпеді ме жоқ әлде ол Құранға

немесе мәшһүр хадиске сүйене отырып айтты ма?»

деген сауалдардың жауаптарын білу Әбу Ханифаның

құқыққа қатысты қағидаларының негіздері мен

тармақтарын зерттеп шығуды қажет етеді.

Әбу Ханифаға көзі тірісінде де «Сүннетке қайшы

келді» деген жала жабылған. Қайтыс болғаннан

335

Құран мен хадисте болмаған заманауи бір мәселені Құран

мен хадистегі ұқсас бір мәселемен салыстыра отырып шешім

шығару