179
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
отыр. Олардың бастарына төнген қиыншылықты
баяндағаннан кейін: «Әй, ақыл иелері, ғибрат алыңдар!»
деу арқылы, «Олардың мұндай жағдайға түсуіне не
себеп болғандығын ойлаңдар. Олар секілді қиянат
жасаудан аулақ болыңдар. Өздеріңді олардың орнына
қойып көріңдер. Әйтпесе, олардың бастарына келген
қиыншылық сендерді де айналып өтпейді. Өйткені,
сендер де солар секілді пендесіңдер, болған оқиғаны
салыстырып қараңдар, ойланыңдар, ақылдарыңды
қолданыңдар!» деп ескертуде. Олай болса, нәтиже се-
бепке байланысты. Не ексең, соны орасың. Фиқһтағы
қияс (салыстыру тәсілі) де – тап осындай салыстыру-
дан тұратын қағида.
2. Сүннет және сахабалардың сөздерінен мысал-
дар.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бірнеше
мәселені қияс жолымен түсіндіргенін көреміз. Қандай
да бір мәселенің үкімін сұраған сахабаларға «болады»
немесе «болмайды» деп жауабын бірден кесіп айтпай,
жағдайға қарап жауап беріп отырған. Оған дәлел
Пайғамбармыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мына хадисі :
а) Біреу Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
келіп: «Менің әкем қартайған шағында Ислам дінін
қабылдады. Қазір өз бетінше көлікке міне алмайды.
Қажылық әкеме парыз. Мен оның орнына қажылыққа
барсам бола ма?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Сен оның ең үлкен ұлысың ба?»
деп, әуелі мәселенің мән-жайын толық біліп алады.
Жігіт: «Иә» деп жауап береді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
: «Егер әкеңнің біреуге қарызы болса,
қарызын өтер ме едің?» деп сұрайды. Ол: «Иә» деген-
де, Аллаһтың елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Олай болса,