174
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
келуі. Мұндай дәлел нақтылықты білдіргендіктен оған
бағыну уәжіп.
2. Ижма сукути (үнсіз келісім білдіру): Қандай
да бір мәселе жайында ғалымдардың кейбіреулері
келісіп, кейбіреулерінің үнсіз қалуы. Бұл ижмаға
амал қылу үшін үнсіз жауап қатпаған ғалымдардың
ойын, неліктен қалыс қалғанын білу керек. Егер олар
келіскендіктен үнсіз қалған болса, мұның анық иж-
мадан айырмашылығы жоқ, яғни, осынау үкіммен
амал қылу керек. Мысалы: Әбу Бәкірдің (р.а.) зекет
бермейміз дегендерге жорық ұйымдастырғанда басқа
сахабалардың да оны үнсіз қолдап, яғни, іштей оның
шешіміне келісіп, Әбу Бәкірмен бірге зекет беруден
бас тартқандарға қарсы шайқасқан болатын. Олардың
жорыққа шығуы – Әбу Бәкірдің шешімін құптағандығы.
Сондықтан, ғалымдар бұл ижманы жоғарыдағы сарих
ижма қатарына қосады.
Құранда, сүннетте және сахабалардың сөздерінен
жауап табылмаған жағдайда фиқһ ғалымдары ортақ
бір байламға тоқтап, пәтуа айтады. Бұл сахабалардан
кейінгі кезең болғандықтан, әрбір мүжтәхид ғалым
өз еліндегі фиқһ ғалымдарының бірауыздан келісіп
шешкен тоқтамына бойсұнатын болған. Әбу Ханифа
да табиғиндерден болғандықтан Куфа елінің фиқһ
ғұламалары нені дұрыс деп тапса, соған келісетін. Имам
АғзамӘбу Ханифа кез-келген мәселелені шәкірттерімен
бірге талқыға салып, әбден «иін қандырып» барып,
оның шешімін шығаратындықтан, оның көзқарасы
көпшіліктің көңілінен шыққан еді. Оның мәселенің
мәнін осылайша көпшілікпен кеңесе отырып шешуі
табиғиндердің ижмасына жатады. Сондықтан, ижма