172
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
кез келген мәселенің жауабын табу Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көзін көрген сахабалардың мойын-
дарына жүктелді. Бірақ, сахабалар мұсылман үмбетінің
мәселелерін шешуде өз ойларымен шектелмей,
біліммен танымал болған ғалымдарды жинап, олардың
ой-пікірлеріне құлақ түретін. Дұрыс деп тапса, олардың
айтқаны бойынша тоқтамға келетін.
Омар (р.а) көбінесе жалпыға тән мәселелерді
сахабалардың талқысына салып, олармен өз ойын
бөлісіп, кеңесіп шешуге тырысатын. Сахабалардың
талқысына түскен мәселенің шешімін бәрі бірауыздан
мақұлдағаннан кейін басшылық бұл шешімді жүзеге
асыратын. Мысалы: Ирак жері азат етілгеннен кейін
ол аймақтар «Дін жолында күрескендерге бөлініп
берілуі тиіс пе, жоқ әлде мұсылмандардың қазынасына
қалдырған тиімді ме? Егер қазына қорына берілсе, елдің
ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне қажетті жабдықтар
үшін қолданылады», деген мәселе туындайды. Атал-
мыш мәселені шешу үшін Омар ибн Хаттаб сахабалар-
дыжинап, екі ұсынысты ортаға тастап, олардың біреуіне
тоқталу қажеттігін алға тартады. Сахабалардың кеңесуі
екі күнге созылады. Соңында азат етілген аймақты
мұсылмандардың қазына қорына қалдыру керек деп
шешкен еді
321
. Мәселенің осылай шешілуі сахабалар
арасындағы ижма болып саналады. Ғалымдар қандай
да бір мәселенің шешімін мақұлдағаннан кейін ешкім
бұл шешімге қарсы наразылық танытпаса, мұны ижмаға
жатқызған
322
. Сол секілді Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
дүниеден озғаннан кейін Әбу Бәкірдің халифа
болып тағайындалуына сахабалар қарсылық білдірген
321
Әбу Юсуф,
Хараж
, 24-27-б.
322
Әбу Захра,
Әбу Ханифа
, 272-б.