Previous Page  171 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 400 Next Page
Page Background

171

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

қалаған адам жамағатпен бірге болсын, өйткені,

шайтан жеке адаммен бірге, екі адамнан ұзақ»

319

деген

хадисті риуаят етеді.

Сондай-ақ, кімде-кім Аллаһты танып, ақиқатты

білгеннен кейін Пайғамбарға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қарсы

шығатын болса, және мұсылман үмбетінің жолынан

ауытқып басқа жол іздейтін болса, онда оның барар

жері де тозақ болатындығы жайында «Ниса» сүресінде

Аллаһ тағала былай деген: َ

ً وَمَن يُشَاقِقِ الرّسُولَ مِن بَعْدِ مَا تَبَيّنَ لَهُ الْهُدَى وَيَتّبِعْ غَيْر

سَبِيلِ الْمُؤْمِنِينَ نُوَلِّهِ مَا تَوَلّى وَنُصْلِهِ جَهَنّمَ وَسَاءتْ مَصِيرا

«Ал кімде-кім өзіне тура жол айқындалғаннан

кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ,

мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны

бұрылған жағына бұрамыз да, тозаққа саламыз,

оның барар жері қандай жаман»

320

.

Олай болса, Аллаһ тағала мұсылмандардың

бірауыздан дұрыс деп тапқан жолынан басқа бағыт

іздеп, адасып кетпеуді қадап айтады, қатаң ескертеді.

Бұдан мұсылмандардың бірауыздан қабылдаған

мәселеде бұра тартпау керектігін түсінеміз.

Ижма Аллаһтың сүйікті елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

дүниеден өткеннен кейін оның топырағы кеппей жатып

қолданылған болатын. Өйткені, Пайғамбармыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

көзі тірісінде қандай да бір мәселе

туындаса, оның жауабын өзі беріп, шешіп отыратын. Ал

Пайғамбармыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

дүниеден өткеннен

кейін мұсылмандардың алдынан кесе көлденең шыққан

319

Сарахси, Усул, 1-т., 232-б.

320

«Ниса» сүресі, 115-аят