Previous Page  167 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 400 Next Page
Page Background

167

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

алыстан сермеген ойымыздан артық. Өйткені, саха-

балар – Ислам фиқһын кеңінен таратқан ең алғашқы

ұстаздар. Олар – жер әлемге Ислам нұрын шашқан

жұлдыздар шоғыры. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сахабалар жайында:

«Сахабаларым аспандағы жол

көрсететін жұлдыздар іспетті. Олардың қайсыбіріне

ілессеңдер, хақ жолын табасыңдар»

307

– деп, олардың

тура жолда болатындықтарын қадап айтып кеткен.

Және басқа бір хадисінде

«Ғасырлардың ең жақсысы

– менің ғасырым»

деп өз ғасырында өмір сүрген

иманды сахабалардың дәрежесінің жоғары екендігін

білідірген.

Құран аятында Аллаһ тағала

«Мұһажирлер мен

ансарлардан алғашқы иман келтіргендерге және

жақсылықта оларға ергендерден Аллаһ разы

болды»

308

деген. Аллаһ тағала мұһажирлер мен ансар-

ларды және оларға ергендерді мақтап, мадақтауда.

Сахабалар жайында Имам Шафиғи бір сөзінде:

«Олар ілімде, тақуалықта, ижтихадта, ақылда және

барлық жағынан дәрежелері жоғары. Олардың

көзқарастары біздің көзқарастарымыздан абзал»

309

, –

деген.

Имам Әбу Ханифаның сахабалар көзқарастарын

алып, солардың айтқан өлшемдерінің шеңберінен

шықпай жүруі, оларға сеніп, құрмет етуі үкімдерінің

тек қана өз ойынан шықпағандығын көрсетеді.

Имам Ағзам Әбу Ханифа діни үкім шығаруға

қатысты өз сөзінде: «Мен ең әуелі Аллаһтың

кітабымен, сосын Пайғамбарымыздың сүннетімен

307

Мүнәуи,

Фәйзул-Қадир

, 4/76

308

«Тауба» сүресі, 100-аят

309

Ибн Қайим,

Иламул мауаққиғин,

2-т.,143-б.