164
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
«хас» хадистің үкімін өзгерткен. Ол өлген кісінің азап-
талмауы. Олай болса, Құранның «ғам» аяттары хадистің
«хас» үкімімен өзгертілмейді. Өйткені, мағынасы анық
Құран аяттары түсіндіру мен баяндауды қажет етпейді.
Міне, Әбу Ханифа осы қағиданы негізге алған. Әбу
Ханифа мәзһабында «хастың» тармақтары өте көп.
Бірақ, усул ғалымдары оның төрт түрге бөлінетіндігін
айтады. Олар мыналар: әмір (бұйрық), нәһи (тыйым),
мұтлақ (жалпы), мұқаияд (шектеулі). Бұл бөлімдер
де терең түсіндіруді қажет еткендіктен, оған кеңінен
тоқталып жатпаймыз.
Сонымен қатар, Құрандағы кейбір сөздер нақты бір
мағынамен шектелмейтін кең ұғымды қамтыса, онда
үкімге қатысы ықтималды болып табылады. Мысалы,
«Бақара» сүресінің 228-аятындағы «қуръ» сөзінің бір
мағынасы етеккір мерзімін білдірсе, ал екінші мағынасы
етеккір тоқтаған кезеңін білдіруі де мүмкін. Өйткені,
бұл сөз араб тілінде осы екі мағынаны қамтитын
термин болып табылады. Демек, осы екі мағынаны
да қамтуы мүмкін болғандықтан, бұл жерде ижтихад
жасауға жол ашық. Осыған орай, кейбір мүжтәхидтер
оның бір мағынасын түсінсе, басқа мүжтәхидтер
екінші мағынасын таңдаған. Сондықтан, бір мәселеге
қатысты екі түрлі ұғым пайда болған
301
. Бұның бәрі
фиқһ әдіснамасының күрделі мәселелерінің қатарына
жатады. Ол бойынша, қатардағы адамның, тіпті, араб
тілін жақсы меңгерген адамның өзі егжей-тегжейлі
талдап, үкім шығаруы екіталай.
301
З. Шағбан,
Усулул-фиқһ
62-64-б.