162
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
еңкейіп қайта тіктеліп тұрса, рукуғ парызы орындалған
болып есептеледі.
Осылайша, Құранның хас үкімін (рукуғдың
парыздығын) хадиспен (хадистегі тағдил аркан)
өзгертпейді. Яғни, рукуғда тағдил аркан болмаса да
парыз орындалған болып саналады. Бұл мәселеде
Әбу Ханифа аят пен хадисті ұштастырып, екеуіне де
амал еткен. Аяттағы хас лебіз (еңкейіп рукуғ жасау):
парыздықты білдірсе, хадистегі (рукуғда тағдил
жасау): уәжіп екеніне дәлел деген.
Мысалы, Әбу Ханифа мәзһабында намазда
Құраннан қалаған сүрені оқуға болатындығы айтылып,
ешқандай сүрені арнайы оқуды міндеттемеген. Бұған
«Құрандағы жеңіл келгенін оқыңдар»
294
деген аятты
дәлел ретінде келтірген. Сондықтан, намазда Құран оқу
бұйрығы «ғам» түрінде, яғни, жалпылықты білдіріп
тұр
295
. Алайда, Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
«Фатиха сүресін оқымағанның намазы жоқ»
296
деген хадисін Әбу Ханифа ескермей кетуі, әлбетте,
мүмкін емес. Әбу Ханифаның «ғамның» үкімі нақты
болса, «хас» өзгерте алмайды» деген қағидасына орай,
аяттағы бұйрық «ғам» болғандықтан, хадистің «хас»
үкімінен басым түседі.
Осылайша, аят пен хадисті ұштастыра отырып,
Құран аятына парыздық үкімді, ал Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хадисіне уәжіптікті лайық деп
санаған. Сондықтан, жалпы Құран аятынан жеңіл
келгенін оқуды намаздың рүкінінен, ал «Фатиха»
сүресін оқуды намаздың уәжіптерінен санаған.
294
«Музаммил» сүресі, 20-аят
295
Мұхаммед Убайдуллаһ,
әл-Мужаз фи усулил-фиқһ,
123-б.
296
Насай, Сунанул – кубра, 1/317