Previous Page  157 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 400 Next Page
Page Background

157

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

дейін келетін адамзаттың ойлау кеңістігін де шектемей,

үлкен алаң қалдырған. Сол тұрғыдан алғанда Құранның

кейбір үкімдері кейде нақты мағынасында түссе,

кейбір үкімдер ықтималдылықты білдіреді. Мәселен,

«Ниса» сүресінде:

«Аллаһ тағала балаларыңның

(мұрагерлік пайы) жайында былай бұйырады: Ер

балаға екі әйелдің пайындай мөлшер тиесілі. Егер

(өлген кісінің) екі не одан көп қызы болса, оларға

мирастың үштен екісі тиесілі. Егер (мұрагер)

жалғыз қыз болса, оған мирастың тең жарымы

тиеді. Егер өлген кісінің артында қалған баласы

болса, онда оның әке-шешесіне мирастың алтыдан

бірі беріледі. Ал егер оның баласы болмай, мирасқа

әке-шешесі ғана мұрагерлік етсе, онда анасына

үштен бірі беріледі»

278

.

«Зина (ойнастық) жасаған әйел мен зина жасаған

ер адамның әрқайсысына жүз дүре соғыңдар

»

279

.

«Арлы әйелдерге (зина жасады деп) жала жауып

әрі (сөзін растайтын) төрт куә келтіре алмаған

жалақорларға сексен дүре соғыңдар

»

280

.

Осы аяттардағы «жарты», «үштен бір», «жүз» және

«сексен» және осы секілді кесімді нақты мағыналарды

берген сөздер түсіндіруді қажет етпейді. Мұндай

нақтылықты білдіретін үкімдерге қатысты қандай да

бір ижтихад жасалмайды әрі мүжтәхидтердің мұндай

үкімдерге қатысты түрлі жорамал жасауына орын жоқ.

Мұндай үкімдерге қарсы шығып, өзгертуге болмай-

ды. Мәселен,

«Арлы әйелдерге (зина жасады деп)

жала жауып әрі (сөзін растайтын) төрт куә келтіре

278

«Ниса» сүресі, 11-аят

279

«Нұр» сүресі, 2-аят

280

«Нұр» сүресі, 4-аят