Previous Page  155 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 400 Next Page
Page Background

155

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

негіздерін Исламның рухына сай түсініп, түсіндіре

алатын имамдарға қажеттілік туындады. Міне, осын-

дай аумалы-төкпелі кезеңде аталған келеңсіздіктердің

алдын-алу мақсатында заман талабына қарай фиқһ

ілімінің негіздері бірте-бірте қалыптаса бастады.

Хадистерді арнайы хатқа түсіру мемлекет тарапынан

қолға алынды. Міне, Имам Ағзам Әбу Ханифа – осын-

дай қиын кездерде Исламның бірлік-берекесін сақтап

қалу үшін бел шешіп қызмет ете білген, бүкіл саналы

ғұмырын осы жолға арнаған біртуар тұлға.

ИмамАғзамӘбу Ханифа жастайынан Құран кәрімді

жатқа білген. Құран кәрімге деген ықыласы терең

болған. Оның өмірбаяны жайлы жазылған кітаптарда

өмірінде 7000 мәрте Құранды аударып хатым еткендігі

жазылады

273

. Ахмет Ибн Юнус былай естігендігін

айтады: «Әбу Ханифамен бірге оның мешітінде құптан

намазын оқыдым. Жамағат тарқады. Ол мешіттің

ішінде қалғанымды байқамады. Ел тарады-ау деген

уақытта мен оған өзімді толғандырған сауалымды

қоймақ болып оқталып едім, Әбу Ханифа намаз оқи

бастады.

«Аллаһ бізге жақсылық жасап, ыстық

тозақ отынан сақтады»

274

аятына дейін оқыды. Мен

намазын тәмамдайтын шығар деп ойлаған едім. Бірақ,

ол бұл аятты қайта-қайта оқыды. Осылайша, таңғы

намаздың уақыты кіріп, азан шақырылғанша намазда

тұрды»

275

, – дейді.

Харижа ибнМұсғабҚұрандыбір рәкәтта толығымен

оқып бітетін төрт имам бар, олар: Осман ибн Аффан,

273

әз-Зәхәби, Манақиб, 24-б.

274

«Тур» сүресі, 27-аят

275

Сәймиари,

Ахбару Әби Ханифа уә асхабиһи

, 43 б