Previous Page  151 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 400 Next Page
Page Background

151

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

– Егер Құраннан таба алмасаң ше?

– Аллаһтың елшісінің сүннетінен іздеймін.

– Сүннеттен таппасаң ше?

– Өз көзқарасыммен ижтихад жасаймын,

кешіктірмеймін (Яғни, аят-хадисте белгілі үкім кез-

деспесе, қол қусырып отырмай мәселені өз бетімше

шешуге тырысамын), деді. Сонда Расулаллаһ

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

Мұғаздың (р.а) арқасынан қағып:

– «Аллаһтың Пайғамбарының елшісіне, Аллаһ

пен расулының көңілінен шығатын жауапқа (іске) қол

жеткізуді нәсіп еткен Аллаһқа мадақ!»

262

– деді. Олай

болса, ижтихад жасауға, ижтихад деңгейінде білімі бар

адамға рұқсат берілгендігін түсінеміз. Шындығында,

Әбу Ханифаның әдіснамасын зерттеген кезде осы

мәселелерге ерекше мән бергені анық байқалады.

Жоғарыда айтылғандай, бірінші Имам Ағзам кітап,

сүннеттен дәлел іздейтін. Егер бұл екеуінен таппаса,

сахабалар ижма жасаған ба, соған қарайтын. Бұл тура-

сында Мекки: «Әбу Ханифа насих пен мансух

263

болған

оқиғаларды егжей-тегжейлі қарастырған. Қандай да

бір хадистің Пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

келіп жеткендігі растала қалса, сонымен амал қылатын.

Куфалықтардың риуаят еткен хадистерін жақсы

білетін. Көпшілік ғалымдардың бірауыздан келіскен

пікірін құптайтын»

264

– деп, көпшілік ғалымдардың

тоқтамына да келісетіндігін айтқан. Әбу Ханифа

сенімді ой-пікірді таңдап, күмәнділерінен бойын

аулақ ұстайтын. Амалдардың дұрыс және пайдалы

болуына мән беретін. Мәселелерді қияспен өлшейтін,

262

Әбу Дәуіт, Ақдия, 11; Тирмизи, Ахкам, 3; Ибн Мажә, Мәнәсик, 38

263

Насих – үкім жойушы, мансух – үкімі жойылған.

264

Мекки,

Манақиб

, 89-б.