Previous Page  150 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 400 Next Page
Page Background

150

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Әбу Ханифаның фиқһ

әдіснамасында қолданған

дәлелдері

Әбу Ханифа өзінің үкім шығарудағы ұстанымына

қатысты «Мен алдымен Аллаһтың кітабындағы үкімді

аламын. Одан таппасам, Пайғамбардың

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

сүннетінен іздеймін. Егер бұл екеуінен де таппа-

сам, сахабалардың сөздеріне үңілемін. Сахабалардың

сөздерінен таңдағанымды аламын. Сондай-ақ, Ибраһим

ән-Нәхәи, Шағби, Ибн Сирин, Хасан Басри, Ата, Сайд

ибн Мусайяб секілді мүжтәхидтер қалай ижтихад

жасаған болса, мен де тап солай ижтихад жасаймын»

261

дегені көпшіліккемәлім. ӘбуХанифаның бұл сөздерінен

алдымен Құран мен сүннетке жүгінгенін, егер

іздеген жауабын бұл екеуінен таппаса, сахабалардың

көзқарастарынан (фиқһта негіз ретінде белгілеген

шартына сайын) таңдап алғанын, ал егер бұлардан да

таппаса, кейінгі ғалымдардың көзқарастары мен өзінің

әдіс-тәсілімен салыстыра отырып, ижтихад жасағанын

ұғамыз. Ижтихад жасауының негізсіз еместігін мына

дәлелден көреміз. әл-Бағауидің Мұғаз ибн Жәбалдан

риуаят еткен хадисінде: Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм)

Мұғазды Йеменге аттандырған уақытта былай

деген:

– Егер қандай да бір мәселенің шешімі жайлы

сұраса, қалай үкім шығарасың? Мұғаз (р.а.):

– Аллаһтың кітабына сүйене отырып, – деді.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

261

Бағдади,

Тарих

, 13-т., 368-б.