147
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
үнсіз қалуды емес, сол мәселенің шешімін шариғат
өлшемдеріне сәйкестендіре отырып, мұсылмандарға
жол көрсетуді талап етті. Оны «Аят-хадис тұрғанда
қиясты таңдады және ахад хадистерді дәлелге санама-
ды» деп сынаудың ешқандай да ғылыми негізі жоқ
257
.
Әлі орын алмаған мәселелерді қозғау кейбір білімді
кісілерге аса ұнай қоймады. Олар мұндай тәсілге
«Босқа уақыт жоғалту», «Пайдасыз істермен халықтың
миын ашыту» деп қарады. Мәселен, Зәйд ибн Сәбиттен
қандай бір мәселе жайында сұрала қалса «Бұл болған
жағдай ма?» деп сұрайтын еді. «Әзірге бола қойған
жоқ» десе, ол: «Болмайынша оның жауабын іздеп,
әлекке түспеңдер» деп жауапсыз қалдырғанды жөн
көретін. Ал мүжтәхид имам саналған Әбу Ханифа
бұлай ойламайтын. Халыққа дұрыс бағыт сілтеп,
жол көрсету үшін болашақта туындауы мүмкін деген
мәселелердің шешімін табуға тырысқан
258
. Орайы кел-
генде мына бір оқиғаны айта кетейік. Қатада Куфа
қаласына келген кезде Әбу Ханифа оған мынадай
сауал қояды: «Уа, Қатада! Егер бір кісі бірнеше жыл
қарасын көрсетпей кетті делік. Әйелі оны өлдіге санап,
басқа біреуге тұрмысқа шығады. Сол сәтте алғашқы
күйеуі қайтып оралып, өзінің қалың малын талап
етеді. Мұның үкімі қандай?» деп сұрағанда, Қатада:
«Бұл өмірде болды ма өзі?» деп өзіне қайыра сауал
қояды. Әбу Ханифа: «Жоқ» деп жауап берді. Қатада:
«Сен неге әлі болмаған мәселелерді қозғайсың?» деді.
257
әз-Зәбиди,
Уқудул-жәуәхирил-мунифә фи әдилләти мәзһаби
Имам Әби Ханифа,
Стамбул, һ. 1309, 1-т., 45-б. Әбу Ханифаның
ахад хабарларды қабылдау шарттарына келесі тарауда кеңірек
тоқталдық. Қараңыз: 263-б.
258
Бағдади,
Тарих
,13-т., 348-б.