Previous Page  145 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 400 Next Page
Page Background

145

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

Мәдина мектебі секілді аты шықпаса да, бертін келе

Әбу Ханифа кезеңінде жұлдызы жана бастады.

Хижри II ғасырда (8-ғ.) Ирак фиқһының ішінде

Әбу Ханифа және шәкірттерімен қатар Осман әл-

Батти, Ибн Шүбрүмә, Ибн Әбу Ләйлә секілді фиқһ

ғалымдарының да көзқарастары бар еді. Осы кезеңде

Иракта жинақталған фиқһтық тәжірибелердің бертін

келе Әбу Ханифаның атымен байланыстырылып,

«Ханафи мәзһабы» деп аталуы Имам Ағзамның өз за-

мандастарыменшәкірттері алдында білгір ұстаз ретінде

көрініп, көзқарастары мен қолданған әдісінамасының

салмақтылығына тікелей қатысты

254

. Оның қажыр-

қайраты мен жетілдірген түлектерінің арқасында

мектебі «Ханафи мәзһабы» деп аталып кетті

255

.

Имам Ағзам дамытқан керемет әдістемесі, қыруар

еңбегі мен ижтихады кез келген мәселенің түйінін

тарқатып, соның нәтижесінде жинақтаған фиқһ

мәліметтері арқылы мұсылмандардың ғибадаттары

мен басқа да амалдарын Ислам рухына сай атқаруына

мүмкіндік беретін сара жол салып кетті

256

.

254

А. Бардакоглы, //

Ханефи мезхеби,

Ислам Ансиклопедиси,

ТДУ, 16-т., 1-б.

255

БұхараменСамарқандаймағындаІІІ/ІХғасырдаИракфиқһының

ханафи фиқһына ауысуында әуелі Әбу Ханифаның жеке

басының қасиеттері мен Мұхаммед ибн Хасан әш-Шайбанидің

6 еңбегі маңызды рөл ойнады. Қараңыз: А.Муминов. «Роль

и место ханафитских улама в жизни городов Центрального

Мавараннахра (V-VII/VIII-XIII вв.)», Автореферат диссертации

на соискание ученой степени доктора исторических наук,

Ташкент-2003, 20-б.

256

А.Әділбаев,ӘбуХанифаныңИсламқұқығы(фиқһ)саласындағы

орны // Қазақстандық халықаралық құқық журналы, № 1 (41),

Алматы, 2001, 3-9-б.