Previous Page  140 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 140 / 400 Next Page
Page Background

140

Ханафи фиқһының қалыптасу

мен ерекшелігі

Шындығында, Әбу Ханифа Ислам тарихында

аты әмбе жұртқа танымал көрнекті тұлға. Барлық

мұсылман үмбеті оны үлкен ғалым екендігін бірауыздан

мойындаған. Имам Зәхәби кітабында «Әбу Ханифа

діни мәселелерді терең білуші фақиһ һәм имам...Риуа-

яттарды үйренуге ерекше мән берген. Осы мақсатта

сапарға да жиі шыққан. Фиқһтағы терең мәселелерді

зерттеу бойынша алдына жан салмаған рай саласында

шоқтығы биік тұлға. Бұл салада адамдар оған тәуелді»

245

десе, тағы бір жерінде «Әбу Ханифаның фиқһ пен оның

терең мәселелерін талдауда имам екендігін барлығы

мойындайды. Бұл – зәредей күмәнсіз ақиқат»

246

деген.

Әбу Ханифа фиқһ ілімін қалыптастырып,

жүйелеген, фиқһ мәселелерін алғаш бабтарға бөліп,

классификация жасаған, парасат-пайымы биік ғұлама.

Ол фиқһ негізін қалап, Ислам әлеміне үлкен еңбек

сіңірген әрі ұлы танымал ғалымдарды тәрбиелеген.

Әбу Ханифа іліммен терең айналысуымен қатар

сауда-саттығын сенімді досы арқылыжүргізіп отырғаны

белгілі. Сондықтан, оған тұрмысқа, саудаға байланыс-

ты сан алуан сауал қойылған да болатын. Сансыз

сауалдарға шариғат өлшемдеріне сай жауап бере білу

үшін де ижтихад жасауына тура келген. Әбу Ханифаның

фиқһ тармақтарына қатысты жасаған ижтихадтарының

көптігі сонша, кейбіреулер оның санының милионнан

245

Зәхәби,

Сияру Ағламин-нубәлә,

6-т., 390-б.

246

Бұл да сонда, 6-т., 403-б.