Previous Page  142 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 400 Next Page
Page Background

142

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Профессор М. Хамидуллахтың атап өткендей, әр бір

мәселе «Фиқһ академиясы» және «Кодификация тобы»

деп аталған қырық адамнан тұратын арнайы топтың

талқысына салынған. Бұл алқаға басқа шәкірттер мен

халықтың қатысуына рұқсат берілмеген. Әрбіреуінің

көзқарасы «ішек қырындысына» дейін талқыланып,

пісірілгеннен кейін барып қана үкім шығарылып,

жазбаша бекітілген. Сол алқаға қатысқан он кісінің

арнайы хатқа түсіруімен ханафи фиқһының үкімдері

жинастырылған

248

. Ибн Әбил Аууам Әсуадтың

баяндағанындай, Әбу Ханифаның білім мәжілістерінде

әлдебір мәселенің шешіміне қатысты пікірлер талқыға

салынар кезде әуелі кезегімен түрлі пікірлер айты-

лып, жауаптары берілетін. Соңында шәкіреттері Әбу

Ханифаға жүгінетін. Әбу Ханифаның жауабы да

олардың айтқан жауабынан алыс кетпейтін. Яғни, Әбу

Ханифаның көзқарасы көпшіліктің көзқарасына сай

келетін.

Муаффақ әл-Мекки: «Әбу Ханифа мәзһабы тек

өзінің көзқарасынан ғана тұрмайды, ол шура (кеңесу)

негізінде құрылған», – деді

249

. Яғни, Әбу Ханифа

мәзһабының негізгі қағидалары қарамағындағы

шәкірттері әрі танымал ғалымдардың көзқарастарымен

санасу арқылы қалыптасқан. Осыған орай, Зәхид әл-

Кәусәрий «ӘбуХанифа өзініңмәзһабын (шәкірттерімен)

ақылдасып-кеңесу арқылы қалыптастырған. Ол (діни

мәселелерде) шәкірттерінің пікіріне құлақ аспай, өз

білгенімен үкімшығарған емес. Бұл оның дінде ижтихад

248

Али Жума,

Мадхал иләл-мәзәһибил-фиқһия,

«Дәрус-сәләм»

баспасы, Каир, 2004, 90-91-б.; Ахмет Өзел,

Ханефи мезхеби,

Ислам ансиклопедиси,

Стамбул, 16-т., 3-б.

249

З. Кәусәри,

Хуснут-тақади,

12-б.