Previous Page  141 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 400 Next Page
Page Background

141

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

асып жығылатындығын айтады. Мәселенки, әл-Баберт

Мұхаммед ибн Мұхаммед Акмалуддин өзінің «Әл-иная

фи шарһил Һидая» атты еңбегінде Әбу Ханифаның

ижтихад жасаған мәселелерінің саны бір милион екі

жүз жетпіс мыңнан астам екендігін жазған

247

. Әбу

Ханифаның үкім шығарған мәселелерінің саны қанша

екені нақты белгісіз. Дегенмен, басқа фиқһ имамдары-

мен салыстырғанда әлдеқайда артық екендігі рас.

Ол сабағын ерекше тәсілмен жүргізетін. Бір

жағынан, өткен-кеткен жағдайларға қатысты үкімдердің

жай-жапсары түсіндіріліп жатса, екінші жағынан,

төбе көрсеткен оқиғаларға қатысты үкімдердің қалай

шығарылуы керектігі сөз болатын. Болып өткен және

осы заманғы жағдайларға байланысты үкімдерді

түсіндіріп талдау барысында болашақта орын алуы

ықтимал мәселелердің де шешімін табуға тырыса-

тын. Сондықтан, оның сабақтарында өткен мен қазіргі

шақпен шектеліп қалмай, болашақта бой көрсетуі

мүмкін мәселелер де қарастырылып, сол арқылы

фиқһтың негізгі қағидалары қаланған еді.

Ханафи мәзһабының құрылып, кең таралуының

басты себептерінің бірі – Әбу Ханифа мен шәкірттері-

нің жинақтаған фиқһтық тәжірибелерінің сол

кезеңдердің өзінде хатқа түсіп, одан кейін де жалғасын

табуында жатқан болатын. Әрине, кейбір пәтуалардың

Әбу Ханифаға дейін де, мәселенки, қазы Шурәйх,

Ибраһим ән-Нәхәи мен Хаммад ибн Сүлейменнің

фиқһтарында кездесетіні ақиқат, десе де, Куфаға

телінетін Ирак фиқһының ең алғаш Әбу Ханифа

кезеңінде жүйелі түрде хатқа түсе бастағаны белгілі.

247

З.Кәусари,

Нукатут-тарифа фит-тахаддус ан рудуди Ибн

Әби Шәйба ала Әби Ханифа,

Каир, 1945, 5-б.