Previous Page  144 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 400 Next Page
Page Background

144

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

уақытта өмір сүрген және Аллаһтың дінінде зеректігі

һәм парасаттылығымен танылған Әбу Ханифа секілді

имамның қателесу ықтималы басқаларға қарағанда

қандай болатынын өзіңіздің де ішіңіз сезіп отырған

шығар. Жалпы, ақылдасу – Исламның бекіткен негізгі

ережесі. Әбу Ханифаның кеңесуге басты мән беруі –

шариғаттың өлшемдерінен қия баспаудан туындаған

терең жауапкершілігінің айқын көрсеткіші.

Әбу Ханифа сахабалар мен табиғиндер кезеңінде

бай мәдени мұрасы бар әрі ой еркіндігі үстемдік құрған

Ирак аймағында жаңалықтарды ұстаздары әрі етене

араласқан ғалымдар арқылы тану мүмкіндігіне ие

болды. Айналасындағы дәріс алқасындағы таңдаулы,

зерек шәкірттері де өздерінен бұрын қалыптасқан

мол мәдени мұраны қайта қарастырып, фиқһтық

мәселелердің көбеюіне қарай оларды жүйелеген үлкен

ғылым алқасын, яки, академиясын құрды. Әуел баста

аталмыш аймақтағы фиқһ Ибраһим ән-Нәхәиден бастап

(қ. 96/714) «Ирак фиқһы» деп аталды. Ғалымдардың

арасында Ибраһим ән-Нәхәидың ықпалының

күштілігіне байланысты оның фиқһының Нәхәидің

фиқһынан ерекшелігі жоқ деушілер де кездеседі

252

.

Десе де, Ибраһим ән-Нәхәидің фиқһын ұстазы Хам-

мадтан алумен қатар, тек онымен шектеліп қалмай,

көптеген ғалымдардан ілім алып, зейінінің күштілігі

мен үкім шығару қабілеті, шәкірттерінен құралған

академиясы арқылы өзіндік жүйе дамытқан мүжтәхид

ғалым екені күмәнсіз

253

. Ханафи фиқһының алғашында

252

Ш. У. әд-Дәхләуи,

Хужжәтул-лаһил-бәлиға,

Мысыр, һ. 1332,

1-т., 534-б.,

253

Әбу Зәхра,

Әбу Ханифа,

198-202-б.