148
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Сонда көреген Әбу Ханифа: «Басымызға қиындық
келмей тұрып, қамдануымыз қажет. Осындай жағдай
орын ала қалған кезде, одан шығудың жолын да білетін
боламыз» деп жауап қайтарады
259
.
Имам Ағзамға жала жабылуының бір себебі, оның
табиғин имамдарының айтқан мәселелеріне қатысты
«Олар қалай ижтихад жасаса, мен де дәл солай ижти-
хад жасаймын» деп, сол кездегі ғалымдардың кейбір
көзқарастарына келіспей, мүлдем басқа пәтуа беруін
алғашында адамдар жатсынып, жатырқауынан туын-
дап жатты. Әрине, өз имамдарын пір тұтқан адамдар
үшін өздерінікінен бөлек пікір айтып, дәлел келтіретін
біреудің шыққаны ұнай қоймасы белгілі.
Жалпы, фиқһ мәзһабтарының қалыптасып-дамуы
Ислам мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты
болуы кездейсоқтық емес. Алғашқы ширек ғасырдан
астам билік құрған әділ халифалар мен шамамен
бір ғасырға жуық мұсылмандарды басқарған Оме-
ядтар әулетінің билік еткен кезеңі – Ислам дінінің
жайқала өркен жайған кезеңі. Омеядтар ел ішіндегі
толқуларды басып, өзге де мемлекеттің маңызды шару-
аларымен айналысқандықтан, дін ғалымдарының ісіне
араласуға мұршасы болмады. Хижраның ІІ ғасырынан
басталған Аббасидтер кезеңі Омеядтарға қарағанда
бір ерекшелігі, мемлекетті діни негіздерді ескеріп
құрылымдауында. Аббасидтер мемлекетті діни үкімдер
бойынша басқарғандықтан, дін ғалымдарына айрықша
көңіл бөлді. Әрине, мұндай саясат діни ілімдердің да-
муына да оң ықпал етті.
259
Бағдади,
Тарих
, 13-т., 348-б.; М. әс-Сыбаи,
әс-Сүннету уа
маканатуһа фи ташриғил исламиати,
440-б.