154
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Құран араб тілінде түсті және сол кезең аралығында
туындаған мәселелерге байланысты түсуі 23 жылға со-
зылды. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оның мағынасы
бұлдыр жерлерін түсіндіріп отырды. Ал Пайғамбармыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дүниеден өткеннен кейін, сахаба-
лар Аллаһ елшісінен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үйренгендерін
басқаларға үйретті. Бірақ, уақыт өте адамдардың ой-
өрісі кеңейіп, ғылым алға озды. Ғалымдар заманауи
мәселелердің шешімін Құран мен хадистен табуға
тырысты. Өз кезегінде Құранның кейбір күрделі және
түрлі мағына беретін сөздер мен аяттарын түсінуде
қиындықтар туындады
271
. Құрандағы осындай
күрделі әрі кең мағыналарды қамтитын сөздердің қай
мағынада қолданылғанын анықтау үшін әр нәрсенің
парқын білетін фиқһ мамандарына деген қажеттілік
туды. Құранның бір сөзінің өзі түрлі мағынада
қолданылғандықтан, дінді қате түсіну, бұра тарту
кең өріс ала бастады
272
. Бұларды бір жүйеге салатын,
мәселенің байыбына барып, шешім табатын діннің
принціптерін толық менгерген фиқһ һәм ақида (сенім)
271
Мысалы араб тіліндегі «айн» сөзінің мағынасы : көз, алтын,
тыңшы және т.б. және Құранда «Бақара» 228-аятта «Қуръ»
сөзі екі түрлі мағына білдіреді: 1. Әйелдердің етеккірден
тазарған уақыты, 2. Етеккірдін әлі тоқтамаған уақыты. Бұл
сөз екі мағынада да қолданылғандықтан фиқһ ғалымдарының
ұстанған екі түрлі көзқарасы да дұрыс болып есептеледі.
272
Түрлі саяси және діни мәзһабтар пайда болып, Ислам дінінің
бірлігіне сызат түсіріп, түрлі бүліктер белең алды. Мәселен,
харижилер «әл-Хукму лилләһ», яғни, үкім беру бір Аллаһқа
ғана тән деп, Алидің өзін кәпірге санады. Шиға тармағы да өз
сенімдерінің дұрыстығына аят-хадистерден дәлелдер келтірді.
Құранның кейбір аяттарынжалаң түсініп, жіберген қателіктерін
Аллаһқа арта салатын, жәбрия, қадария секілді топтармен қатар
муғтәзилә, мүржиә секілді түрлі ағымдар пайда бола бастады.