160
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
дисте
«Алтын мен күмістің қырықтан бірін беріңдер»
287
деп, алтын мен күмістің зекеті қалай берілетіндігі
жайлы баяндалады. Сонымен қатар, малдан, астықтан
қанша мөлшерде зекет берілетіндігі де хадистер-
де баяндалған. Және осы секілді Құран кәрімде
«Қажылық жасаңдар»
288
деп жалпылама айтқан, ал
сүннетте оның іс-шаралары тарқатылып айтылған.
Құранда «пайыз харам» делінсе, Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сүннетінде қандай жағдайда оның
пайыз саналатындығы егжей-тежейлі түсіндірілген.
3. Құран аятындағы бір үкімнің сүннет арқылы
жойылуы. Ал Құран аятының сүннетпен үкімі жойы-
луы үшін хадис мутауатир немесе машһур деңгейінде
болуы керек
289
.
Осыған қатысты тақырыбымызды аша түсу үшін
фиқһ ғалымдары арасында түрлі пікірлердің пайда
болуына жол ашқан мәселелерге бірнеше мысал айта
кетейік.
«Ғам» мен «хас»
«Ғам» – «жалпы, жалпылама» деген мағыналарды
білдіреді, яғни бір сөздің бірнеше мағыналы, кең
ауқымды болуы. Мысалы: Адамдар, барлығы,
қауымдар, жындар секілді көпше есімді қамтитын
сөздер (жалпы есімдер) жатады. Ал «хас» – «жеке,
арнайы» деген мағынаны білдіреді
290
. Мысалы бойын-
да жаны бар жаратылыс арасында адам жеке бір түрді
білдерсе, сол секілді «Мұрат, Талғат» секілді атаулар
адамдардың ішіндегі жеке тұлғаны білдіреді. Негізгі
287
Тафсир Рази, 8/12. Фатхул-қадир, 4/3
288
«Музаммил» сүресі, 20
289
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
233-б.
290
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
265-б.