Previous Page  159 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 400 Next Page
Page Background

159

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

Сондықтан, Әбу Ханифа мәзһабының әдіснамасы

бойынша, егер аят түсіндіруді қажет етсе, ол хадис

арқылы түсіндіріледі ал сүннеттің (хадистің) Құранды

түсіндіру тәсілі үшке бөлінеді. Олар:

1. Сүннет аятты түсіндіріп, мағынасын нақтылайды.

Мәселен, хадисте: «Жаңа туған айды көрген кезде

ораза ұстаңдар, екінші жаңа туған айды көрген кезде

оразаларыңды тоқтатыңдар. Егер аспан бұлтты болса,

Шағбан айын отызға толықтырыңдар»»

283

делінген.

Яғни, жаңа туған айды көрумен ауыз бекітудің

басталатындығы, сондай-ақ келесі жаңа ай туғанда

рамазан айының аяқталатыны білдірілген. Анығында

бұл хадис

«...Сендерден кім ораза айында болса,

ораза ұстасын...»

284

деген аятты түсіндіріп отыр.

Егер сүннет болмағанда, оразаның нақтылы уақытын

білмес едік. Сондықтан, Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

хадисі аятты түсіндіріп, мағынасын толық

баяндап тұр.

2. Қысқа-нұсқа, мағынасы көмескі келген аят-

тарды егжей-тегжейлі баяндап, түсіндіру. Мысалы:

Құрандағы: намаз оқыңдар, зекет беріңдер, қажылық

жасаңдар деген қысқа аяттарды баяндайды. Құран

бір ауыз сөзбен

«Намаз оқыңдар»

285

деп бұйырады.

Алайда, аятта намаздың рүкіндерін, уақытын, қалай

оқылатындығын баяндап, түсіндірмеген. Ал мұны

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

іс-әрекетімен

көрсетіп,

«Менен көргендей намаз оқыңыздар»

286

деп

баяндаған. Құран кәрім

«Зекет беріңдер»

дейді, ал ха-

283

Бұхари, Саум,5.

284

«Бақара» сүресі, 175-аят

285

«Музаммил» сүресі, 20-аят

286

Ибн Хаббан, Сахих, 4/542