Previous Page  156 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 156 / 400 Next Page
Page Background

156

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Тәмим әд-Дари, Саид ибн Жубәйр және Имам Ағзам

Әбу Ханифа ...»

276

деген.

Міне, сондықтан болар Әбу Ханифа өз сөзінде:

«Шариғаттың негізі – Құран мен сүннет. Бұл екеуінен

ауытқуға болмайды», – деген

277

.

Құран Ислам дінінде негізгі дәлел болғандықтан,

оның әрбір илаһи бұйрықтары, сөздік құрылымдары,

үкім алынатын аяттардың дәлелдік деңгейілері

мұсылман үмбетінің дүние мен ақыреті үшін аса

маңызды. Құран араб тілінде болғанымен, Құранның

әрбір сөзі мен сөйлем құрылымының ерекшелігін

біліп, дұрыс шешім шығара алу үшін араб болып

туылу, тіпті, араб әдебиеті мен тарихын толық оқып

шығып, араб тілінің маманы болу да жеткіліксіз.

Бұларды білумен қатар Құранмен тығыз байланысы

бар хадис ілімі мен Ислам дінінің тарихын, сол кездегі

халықтың хал-жағдайын және т.б. Ислам ілімдерін

терең білу қажет. Замандастарынан оза шауып, суы-

рылып шыққан ұлы ғалым Әбу Ханифа Құранның

телегей теңіз мағыналарына терең үңіліп, шамасынша

меңгеріп, мұсылман үмбетіне бір негіз, бір қағидамен

жүрудің жолын ұсына білді.

Күллі мұсылман жұртшылығы арасында Құрандағы

бар үкімге мойынсұнудың міндет екендігі бесене-

ден белгілі. Қандай да бір мәселеге қатысты Құранда

нақты үкімі тұрған кезде басқа дәлел іздеуге жол жоқ.

Бірақ, жоғарыда да айтып кеткеніміздей, Құранда

барлық нәрсенің үкімі егжей-тегжейлі қамтылмай,

әуелі Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бен қияметке

276

Сәймиари,

Ахбару Әби Ханифа уә асхабиһи,

43-б.; әз-Зәхәби,

Манақиб

, 23-б.

277

Әбу Захра,

Әбу Ханифа

266-б.