Previous Page  158 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 400 Next Page
Page Background

158

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

алмаған жалақорларға сексен дүре соғыңдар»

деген

аятта күнәсіз адамға жала жабудың жазасы нақты әрі

түсінікті. Жала жапқандар төрт куәгер келтіре алмаса,

олардың әрқайсысына сексен дүре соғылатыны және

аяттың жалғасында ешқайсысының куәгерліктері

қабыл болмайтыны анық айтылған. Бұл аят басқа бір

аятпен немесе хадиспен түсіндіруді қажет етпейді.

Міне, Құран кәрімде осы секілді анық әрі түсінікті

аяттар басқа бір баянға мұқтаж емес.

Сонымен қатар, Құранда білдірілген шариғат

үкімдерінің барлығы жоғарыда келтірілгендей нақты,

мағынасы тар аяттармен ғана шектеліп қалмаған, кең

мағына қамтитын аяттар да жетерлік. Мысалы, «Зекет

беріңдер, намаз оқыңдар, ораза тұтыңдар» деген аяттар

секілді. Бұл аяттарды да хадистер арқылы түсінеміз.

Өйткені, Аллаһ тағала Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм)

«Адамдар үшін түсірілгенді түсіндіруің үшін

Біз саған Зикрді (Құранды) түсірдік»

281

деп, Құранды

хадисімен түсіндіруді міндет еткен-ді.

Имам әш-Шатыбидің «Муафақат» атты кітабында:

«Құран кәрімнен үкім шығарарда оның түсіндірмесі

мен баяндамасы болған хадисті алмай, тек Құранмен

шектеліп қалуға болмайды. Өйткені, Құранда намаз,

зекет, қажылық, ораза секілді құлшылықтар жалпы

аталып өткен. Осыларды тек сүннетпен ғана түсіндіре

аламыз»

282

делінген.

281

«Нахл» сүресі, 44-аят

282

әш-Шатыби,

әл-Муафақат фи усулиш-шари‘а,

(түрікше ауд.

М.Ердоган), Стамбул, 1999, 3-т ; Кеңірек мәлімет үшін қараңыз:

А. Әділбаев, Құран мен сүннетің үндестігі және дінде дәлел

болуы