Previous Page  153 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 400 Next Page
Page Background

153

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

мұсылмандар! Мен сендерге екі нәрсе қалдырып ба-

рамын. Егер оларды бекем ұстап, амал етсеңдер,

ешқашан адаспайсыңдар. Олар Аллаһтың кітабы

және Аллаһ елшісінің сүннеті»

269

деп, барша мұсылман

үмбетіне бойсұнуы керек болған ең алғашқы дәлеліміз

Құран екендігін ескертеді.

Құранда адамзатқа қатысты барлық үкімнің кілті

қамтылған, алайда, көп жағдайда кең мағынада, жал-

пылама айтылады. Мәселен, Құранда намаз, зекет,

оразаның, қажылықтың парыздығы айтылғанымен,

намаздың қанша рәкәғат екендігі, намазда қырағаттың

(Құран оқу) қалай болу керектігі, зекетке берілетін мал-

мүліктің түрі мен өлшемі, қажылықты қалай орындау

керектігіне қатысты егжей-тегжейлі түсіндіріп беретін

үкімдерді таба алмаймыз. Бұларға қатысты кеңірек

мәлімет Аллаһ елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сүннетінде

келтірілген. Пайғамбарымыздың сүннеттері деҚұранды

кеңінен тарқатады. Құранда жалпы айтылғандарды

сүннет, яғни, хадис егжей-тегжейлі түсіндіреді

270

.

Құранда бар үкімдерге амал қылу әрбір мұсылман

үшін парыз. Құранда үкімі бола тұра басқа дәлелге

жүгіну Исламға қайшы. Мұхаммед пайғамбармыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

кейін пайғамбар келмейтіні секілді,

Құраннан кейін басқа кітап түспейді. Міне, сондықтан,

Құран жеке бір қауымға, руға, халыққа немесе бір ме-

кенге емес, барша адам баласына түскен.

269

Имам Малик, Муатта, Қадар, 3.

270

А. Әділбаев, Құран мен сүннет үндестігі және дінде дәлел

болуы // Исламтану және араб филологиясы мәселелері,

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материал-

дары (2007-2008 ж.), Алматы, «Нұр-Мүбарак», 2008, 21-24-б.