Previous Page  149 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 400 Next Page
Page Background

149

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

Аббасидтер кезеңі мемлекеттің барлық

құрылымдарының бір ізге түсіп, Ислам мәдениетінің

даму кезеңімен тұспа-тұс келді. Жаңа көзқарастардың

пайда болуы және фиқһ саласындағы қайшылықтардың

тереңдеуі, фиқһ ғалымдарының міне, осындай ортада

қатардағы жай адамның құқықтық пікірталастарға

қатысып, қандай да тығырықтан шығар жол іздеуі,

фиқһтыңдаму сатысынжақыннантанып-білумүмкіндігі

жоқ еді. Сондықтан, жұртшылықтың сеніміне бөленген

белгілі бір фақиһтың көзқарасына ден қою қажеттілігі

туындады. Сонымен қатар, мемлекеттік жүйе мен

қауіпсіздікті де қамтамасыз етуде, азаматтардың бәріне

тең қарап, қоғамда әделеттілікті орнатып, мемлекеттің

баяндылығын қамтамасыз етуде мәзһабтар Ислам

мемлекетінің негізгі тұғырына айналды.

Осы себепті, «Мәзһабтар бидғат, Пайғамбарымыз

кезінде мәзһаб деген болмаған» деу сол кездегі тарихи

шындықты білмеуден туған сөз. Ал алып имам Әбу

Ханифаны «Ең алғаш мәзһаб құрушы, бидғатшы» деп

жала жабу – сорақы қателік. Мәзһабтардың шығуы

заман талабы, тарихи қажеттілік еді

260

. Ендігі кезек-

те Имам Ағзамның фиқһ іліміндегі орнын жақсырақ

түсіну үшін оның діни үкімдер шығарған кезде

қолданған әдіснамаларына үңіліп қарап көрейік.

260

Мәзһабтар туралы қосымша мәлімет үшін қараңыз: Мәзһаб

туралытаным, (құрастырғандар:Т. Түгелұлы, Б. Тұрғанбекұлы),

Алматы, 2011