152
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
егер қиясқа сай келмесе, истихсанға жүгінетін. Егер
истихсанға сай келмесе, ғұрыпқа (мұсылмандардың
амалдарына) қарап, соған сай шешім қабылдайтын.
Сәһіл: «Әбу Ханифаның дәлелі де, көпшіліктің дәлелі
де осы» деген
265
.
Міне, қысқаша Әбу Ханифаның фиқһтағы
әдіснамасы: 1.Кітап, 2. Сүннет, 3. Сахабалардың
сөздері, 4. Ижма, 5. Қияс, 6. Истихсан, 7. Әдет-ғұрып
секілді қағидаларға негізделеді.
Енді кезегімен оларды қалай және не үшін
қолданғандығына тоқтала кетейік.
1. Құран кәрім
Құран кәрім – Ислам шариғатының негізі.
Исламның жалпы қағидалары Құраннан алынады.
Уақыт сынаптай сырғып, заман мен адам қанша өзгерсе
де өзгермейтін мәңгілік қағидалар осы Құранда. Аллаһ
тағала:
«(Әй, Мұхаммед!) Біз саған барлық нәрсені
ашық баяндайтын, мұсылмандар үшін дұрыс жол,
игілік және қуаныш боларлық Құранды түсірдік»
266
;
«(Әй, Мұхаммед!) Сені адамдар арасында Аллаһтың
көрсеткені бойынша төрелік етсін деп Саған хақ
Кітапты (Құранды) түсірдік»
267
;
«Біз ол Кітапта
ешбір нәрсені қалыс қалдырған жоқпыз»
268
деген
секілді т.б. аяттарда Құранның тура жолдың бастауы,
өмір шырағы екендігіне назар аудартады.
Адамзаттың ардақты ұстазы Мұхаммед Мұстафа
да
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мұсылман үмбетіне:
«Ей,
265
Бұл да сонда, 82-б.
266
«Нахіл» сүресі, 89-аят
267
«Ниса» сүресі, 105-аят
268
«Әнғам» сүресі, 38-аят