Previous Page  146 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 146 / 400 Next Page
Page Background

146

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Әбу Ханифаның Ислам фиқһына сіңірген қыруар

еңбегіне қарамастан, Имам көзі тірісінде де, дүниеден

озғаннан кейін де осыған қатысты дау-дамайдан

құтылмаған. Осылайша, бұл дау ғұлама дүние салғаннан

кейін де толастамады. Былайғы жұрт екі топқа бөлінді:

біреулері Әбу Ханифаның ұлы ғалым екендігін айтып

дәріптесе, біреулері көреалмаушылықпен немесе бір

мәзһабқа көзсіз байланып, өзгелерді мойындамай,

жұртты Әбу Ханифаның өзінен де, оның фиқһынан

да алыс ұстауға жанталасты, ол жайлы жағымсыз

пікір таратқандар кездесіп жатты. Сол пікірлердің

кейбір сарқыншақтарының әлі күнге дейін сақталуы

өкінішті-ақ. Осындай ірі тұлға имам Ағзамға жабылған

жалалардың негізгі себептеріне қысқаша ғана тоқтала

кетейік.

Әбу Ханифаның өзгешелігінің бірі – қияс тәсілін

жиі қолдануда. Оның себебі, жоғарыда атап өткендей,

ол Хижаздан мүлде бөлек, әрдайым түрлі толқулар

орын алған орта мен дәуірде өмір сүрді. Фиқһтық

мәселелерді әр түрлі қырынан алып талқылағандықтан,

сол кезде орын алған жағдайлармен қатар болашақта

орын алуы мүмкін деген ахуалды да қарастырып, иж-

тихад жасаған. Әрине, бұл әхлул-хадистің ұстанған

әдісінен өзгеше еді. Оның қиясты жиі қолданғаны

ақиқат. Бірақ, осы әрекетіне бола оны өлтіре сынға

алудың ешқандай да жөні жоқ. Өйткені, сахабалар

кезеңінің өзінен бастап-ақ, мұсылман ғалымдары осы

әдісті қолданғанымәлім. Ал ИмамАғзамның ерекшелігі

– қиясты белгілі бір жүйеге салып, реттей отырып,

туындауы мүмкін-ау деген мәселелерге жауап табуда

қолданғанында еді. Өйткені, Ирак аймағының өмір

шарттары қандай да бір мәселе туындаған жағдайда