Previous Page  143 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 143 / 400 Next Page
Page Background

143

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

жасау және Аллаһқа, елшісіне және мүміндерге ерекше

шынайылық таныту жолын ұстанғандығын білдіреді.

Ол діндегі көптеген түйінді мәселелерді ортаға салып,

шәкірттерінің пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын айтып,

бір ай көлемінде немесе одан да көп уақыт бойы

бір тұжырымға келгенше олармен ой бөлісетін еді.

Соңында шәкірті Әбу Юсуф түйіні шешілген мәселені

әдіснамаға енгізіп қоятын. Осылайша, ол әдіснаманы

толық хатқа түсіреді. Әрине, бұл мәзһаб (жол, ұстаным)

негізін бір ғана адам қалаған, соның ғана көзқарасына

құрылған мәзһабқа қарағанда ақиқатқа ең жақын және

көңілге қонымдысы»

250

деген.

Ибн Каррама былай деді: Бір күні Уакиғ ибн

Жаррах әл-Куфидің жанында тұрған едік. Бір кісі

келіп: «Әбу Ханифа қателесті» деді. Уакиғ оған:

«Білмейтін адамдар ғана осылай дейді. Керек десеңіз,

адасқан адамдардың айтатын сөзі бұл. Бұлай бетал-

ды сөйлеуіңе жол болсын! Әбу Юсуф пен Мұхаммед

секілді фиқһ имамдары, хадис маманы Яхия ибн Әби

Зайд, Хафс ибн Ғиас, Хиббан ибн Али мен Мундал,

араб тілі ғалымдары Қасым ибн Мағын, тақуа Дәуіт

әт-Таий, Фудайл ибн Иаз секілді әрбіреуі өз алдына

бір төбе, шоқтығы биік ғұламалар қасында жүргенде

ол қалайша қателеседі? Осындай достары бар адам

қателесе ме? Егер ол қателессе, достары қатесін түзетер

еді ғой?», – дейді

251

.

Әрине, бұл имам Әбу Ханифа ешқашан

қателеспейді деген сөз емес. Бірақ, кез келген мәселені

осынша білгір ғалымдардың талқысына салып барып

шешім шығарған, сахабалардың кезеңін «өкшелеген»

250

З. Куәсәри,

Хуснут-тақади,

11-б.

251

Хайсами,

Хайратул-хисан,

108-б