161
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
мақсаты көпшілікті қамту емес, жеке, арнайы біреуге
қарата айтылғандықтан «хас» (жалқы) дейміз
291
.
Әбу Ханифада хастың үкімі нақты. Құрандағы
«Хас» үкімдерге анықтама кажет емес. Мысалы :
– Рукуғдың (намазда еңкеюдің) дұрыс орындалып-
орындалмауы жайында Әбу Ханифа мен Имам
Шафиғидің көзқарасы екі түрлі. Әбу Ханифа
мәзһабында намаздың парыздарының бірі саналатын
рукуғды дұрыс орындау үшін иілу жеткілікті. Ал
Имам Шафиғи болса: «Рукуғдың дұрыс саналуы үшін
тағдил аркан – шарт, егер орындалмаса, рукуғқа барған
болып саналмайды» деген
292
.
Әбу Ханифаның дәлелі Құрандағы:
«Ей, иман
келтіргендер! Рүкүғқа иіліңдер...»
293
деген аят.
Бұл аяттағы Рукуғ сөзінің мағынасы – иілу дегенді
білдіреді. Сондықтан, бұл аяттағы рукуғ сөзі иілуді
аңғартады. Бұл хас (жалқы) үкім болып саналады, ал
жалқы үкім нақты болса, басқа қосымша мағынаны,
түсіндірмені қажет етпейді. Аятта – иіліп рукуғда
сәл кідіріңдер демеген, тек еңкейіңдер деп бұйырған.
Сондықтан, Әбу Ханифада рукуғдың орындалуы үшін
291
Бұл да сонда, 265-б.
292
Тағдиларкан–намаздағырукуг,сәжде,қиямсекілдіпарыздарын
сәл кідіріп толық орындау. Мыс. Рукуға иіліп сәл кідіріп
барып, тіктеліп тұру. Егер рукуға иіліп дереу қайта тіктеліп
тұрса, тағдил орындалмаған болады, яғни, рукуғ жасалмаған
болады. Сондықтан, Имам Шафиғи бойынша намазды тағдил
арканға сай оқымағаны үшін рукуғы дұрыс саналмайды.
Дәлелі, намаздағы рукуғда тағдил арканға мән бермей, намазын
асығыс-үсігіс оқыған бір кісіге Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
:
«Тұр! Намазыңды қайта оқы, өйткені, сен намаз
оқымадың»
деген хадис еді. Бұхари, Азан.
293
«Хажж» сүресі, 77-аят