Previous Page  165 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 165 / 400 Next Page
Page Background

165

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

2. Сүннет

Сүннет – Аллаһ елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сөздері,

істеген амалдары, құптаулары. Әбу Ханифаның қандай

да бір мәселенің шешімін іздегенде Құраннан кейін

сүйенетін дәлелі, ол – сүннет. Сүннет – Құранның

жалпылама айтқан үкімдерін жеке қарастырып, қысқа

да нұсқа айтқан жерлерін, тіпті, Құранда айтылмаған

нәрселерді де айтып, түсіндірген. Бұл жайында

Аллаһ тағала:

«Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа,

Пайғамбарға және өз араларыңдағы әмір иелеріне

(басшыларыңа) бойсұныңдар. Егер өзара бір нәрсеге

келісе алмасаңдар, оның жайын Аллаһ тағаладан,

Пайғамбардан сұраңдар. Аллаһқа, қиямет күніне

сенетіндерің рас болса, бұл сендер үшін қайырлы

әрі тиімді»

302

десе, басқа бір аятта Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Саған да баян етерсің деп Құранды

түсірдік»

303

деп, Құранды түсіндіріп, баяндауды міндет

еткен. Демек, хадис пен сүннет Құрандағы үкімдерді

толықтырып, ашатындықтан, кез келген мәселеге

қатысты үкім шығарарда тек Құранмен шектелу

жеткіліксіз

304

. Жоғарыда айтып өткеніміздей, барлық

мұсылман ғалымдары секілді мүжтәхид-ғалым Әбу

Ханифа да хадис пен сүннетті ең негізгі дәлел ретінде

қабылдаған. Ал оның хадис пен оны үкім шығаруда

дәлел саналуына қатысты шартттарына төменде

302

«Ниса» сүресі, 59-аят

303

«Нахл» сүресі, 44-аят; Бұған қатысты басқа да көптеген аят-

хадистерді келтіруге болады. Қараңыз: А. Әділбаев, Сүннеттің

Құранмен үндестігі және дінде дәлел болуы, Исламтану

және араб филологиясы мәселелері, Халықаралық ғылыми-

тәжірибелік конференция материалдары (2007-2008 ж.), Алма-

ты, «Нұр-Мүбарак», 2008, 21-24-б.

304

Бұл да сонда, 16-32-б.