168
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
амал етемін. Одан кейін әуелі сахабалардың келіспеген
тоқтамдарынан бұрын бірауыздан келісімін берген
байламдарына үңілемін. Содан кейін барып қана
қияс жасаймын»
310
деген Әбу Ханифа осы дәстүрден
ауытқымаған, дәлелдерге ерекше мән берген, діни
мәселелерге үлкен жауапкершілікпен қараған мүжтәхид
болатын.
Осылайша, Әбу Ханифа сахабалардың сөздерін
дәлел деп тапқан. Әрине, сахабалардың бәрінің
дәрежесі бірдей емес еді. Олардың арасында дінді
терең меңгеріп, үкім шығаруда ерекше қабілеттерімен
танылғандары да бар еді.
Осыған орай, фиқһ ғалымдары сахабалардан келіп
жеткен пәтуалардың Құран, сүннет, ижма мен қияс
секілді діни үкімнің негізі саналып-саналмайтындығына
қатысты түрлі пікір білдірген. Жалпы, рай және ижти-
хад жасау арқылы анықтауға келмейтін мәселелерде
оның дәлелге саналып, онымен амал ету қажеттігіне
барлық ғалымдар келіскен
311
.
Ханафи ғалымдары осы тектес сахаба пәтуаларына
мысал ретінде әйел затының етеккір мерзімі ары кетсе
3 күнге созылатындығына қатысты Абдуллаһ ибн
Мәсғұдтан (р.а.), жүктілік мерзімінің екі жылдан бір
сәт артық созылмайтындығына қатысты Айша анамыз-
дан (р.а.) келіп жеткен көзқарастарды келтірген.
Имам Сарахси «Күмәнсіз, уахидан нәр алған
Пайғамбарымыздан естіген болуы мүмкін деген
ықтимал қиястан жоғары тұрады. Сондықтан,
сахабалардың пәтуасын жеке көзқарастан (райдан)
жоғары санау ахад хабарды қиястан жоғары қою секілді.
310
Бағдади,
Тарих
, 13-т., 368-б.
311
З. Шағбан,
Усуслул-фиқһ,
184-185-б.