Previous Page  173 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 173 / 400 Next Page
Page Background

173

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

жоқ. Мұның ең басты себебі, Пайғамбармыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

намазда Әбу Бәкірді имамдыққа

шығаруын жатқызуға болады. Сондықтан, Әбу Бәкірдің

халифалығын мойындап, ауызбіршілік танытып, бір

кісідей серт берді.

Әбу Ханифа өзінің фиқһ әдіснамасында қандай

да бір мәселе жайында сахабалар бірауыздан келіскен

нақты бір ойы бар болатын болса, олардың сол ойын

дәлел ретінде алатын. Ал қандай да бір мәселеге бай-

ланысты сахабалар түрлі көзқарас білдірсе, ижтихад

жолымен терең ізденіп, қиясқа сай келетінін таңдап

алатын. Сондықтан, сахабалардың ижмасы нақты дәлел,

яғни, мутауатир хадис деңгейінде саналған. Осыған

қатысты Мекки өзінің «Манақиб» атты кітабында:

«Қандай да бір елді-мекеннің тұрғындары өздерін

толғандырған мәселеге қатысты бір тоқтамға келіп,

бірауыздан келіссе, Әбу Ханифа соған ден қоятын»

323

деп, Әбу Ханифаның ижмаға бойсұнатындығын

айтқан. Сәхіл ибн Музаһим да Әбу Ханифа жайын-

да: «Әбу Ханифа сенімді риуаятшылардың сөздерін

алып, сенімсіздерінен бас тартатын. Халықтың қарым-

қатынасын саралап, тура жолда жүріп, туралықта

біріккендердің істерін қабылдайтын»

324

, – деген. Осы

айтылғандар Әбу Ханифаның нас (Құран мен хадис)

кездеспейтін мәселелерде көпшіліктің бірауыздан

келіскен ижмасын негізге алатындығына дәлел.

Ижма екіге бөлінеді:

1. Ижма сарих (анық келісім): барлық ғалымдардың

қандай да бір іске немесе уәжге қатысты ортақ келісімге

323

Мекки,

Манақиб

, 1-т., 89-б.

324

Бұл да сонда, 1-т., 82-б.