169
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
Сахабалардың көзқарасы өз ойынан туындаған болса,
олардың көзқарастары басқаларыныкіне қарағанда
әлдеқайда сенімді болып табылады. Өйткені, олар
Құранның түскеніне куәлік етіп, Пайғамбарымыздың
берген пәтуаларын өз көздерімен көрді»
312
,– дейді.
Ханафи ғалымдары қияс жасамастан бұрын
сахабалардың пәтуаларына қарайтын. Сахабалардың
бірауыздан келіскен шешімдерін алып, қиясты тәрк
ететін. Осыған қатысты Кәрхи Әбу Юсуфтың мына
сөздерін келтіреді: «Дәрет пен ғұсылдың екеуінде де
ауыз бен мұрынға су алу қиясқа салсақ – сүннет. Бірақ,
Ибн Аббастың сөзін негізге алып, қиясты тәрк еттік.
Жараның аузынан ақпаған қан қияс бойынша дәретті
бұзғанымен, Ибн Аббастың сөзін негізге алып, қиясты
тәрк еттік. Бір күн, бір түн немесе одан да аз уақытқа
талып қалғанда қияс бойынша оқылмаған намаздардың
қазасын өтеу қажет болса, бұл қиясты Аммар ибн
Ясирдің сөзіне сүйене отырып, тәрк еттік...»
313
Жалпы ханафилар сахабалардан келіп жеткен және
ол жайлы дау тудырмаған қандай да бір хадисті дәлел
ретінде қабылдаған. Олардың бір тоқтамға келмей
түрлі көзқарас білдірген хабарларын үкімге негіз
етіп алмаған. Ондай жағдайда хабарды жеткізуші
қаталескен немесе ол үкімнің күші жойылған деп
бағалаған. Мәселен, Амр ибн Шұғайыбтың әкесі және
атасы арқылы Пайғамбарымыздан риуаят еткен «
Зекет,
оны жеп тауыспастан бұрын жетімдердің дүние-
мүлкінен жақсылық жолында жұмсаңдар»
314
деген
312
Сарахси,
Усулус-Сарахси,
(Тахқиқ Әбул Уәфә әл-Әфғани),
Стамбул, 1984, 2-т., 108-б.
313
Сарахси, Усул, 2-т., 106-б.
314
Осыған ұқсас риуаятқа қараңыз: Муатта, Зекет, 12