170
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
хадиске сүйене отырып, сахабалар балиғатқа толмаған
баланың дүние-мүлкінен зекет беріп-берілмейтіндігі
жайлы өзара бір ортақ тоқтамға келе алмаған. Хазірет
Али мен Ибн Аббас секілді сахабалар осы хадисті
дәлел ретінде қолданып, зекет берілу қажет деп тапса,
Ибн Мәсғуд өсиет тасталған баланың зекет берілуі
тиіс жылдарды есептеп, балиғатқа жеткен соң оған
хабар беру керектігін, алайда, беріп-бермеуге келген-
де ерікті екенін айтқан. Ханафилар бойынша, егер бұл
хадис нақты болса, сахабалар арасында кең тарап,
пікір қайшылығы туындаған жағдайда дәлел ретінде
қолданылар еді ғой деп ой түйген
315
.
4. Ижма
Ижманың фиқһ әдіснамасындағы мағынасы –
Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үмбетінің мүжтәхид
ғалымдарының Пайғамбарымымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дүние салғаннан кейінгі қандай да бір кезеңінде белгілі
бір діни үкімге бірауыздан келісуі
316
.
Ижманың дәлелі ретінде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
«Үмбетім адасушылықта бірікпейді»
317
дегенжәне «МүміндердіңжақсыдептапқандарыАллаһ
алдында да жақсы»
318
деген. Осы хадистерде ижманың
дұрыс екендігін, мәселені бірігіп шешу Аллаһтың
қалауына теріс болмайтындығын, мұсылмандардың
бірігуі адасушылыққа апармайтындығын көрсетеді.
Имам Шафиғи ижманың дәлелдігіне қатысты Омар
ибн Хаттабтан:
«Жаннаттың нығметі мен рахатын
315
И. Хаккы Үнал, 164-165-б.
316
З. Шағбан, 91-б.
317
Ибн Мажә, Фитан, 8
318
Ибн Мажә, Фитан,8; Мүснад 4/278