Previous Page  175 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 175 / 400 Next Page
Page Background

175

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

нақты дәлел санатына жататындықтан, оған күмәнмен

қарап, қарсы шығу дұрыс емес.

Кейбір мәселеде адасқан адамдар да ижма жасауы

мүмкін. Сондықтан, кез келген ижманы дәлелге

санай бермей оның арнайы шарттарын белгілеген.

Ханафи мәзһабында ижманың дұрыс болуы үшін

ижма жасаушы ғалымдардың бойында пасықтық,

нәпсіқұмарлық, бидғатшы секілді сипаттары болмауы

керек. Өйткені, ар-намастарын аяққа таптаған, күнә

жасаудан тартынбағандар пасық келеді. Аллаһтың

қалауы мен шариғаттың амалдары шынайылықты,

адалдықты қажет ететіндіктен, сөздерін дәлелге са-

найтын кісілердің бойында нәпсіқұмарлық та бол-

мауы қажет. Бидғатшылар – мұсылман жамағатының

көзқарастарына мән бермейді. Міне, сол себепті ха-

рижилер, рафидилер және пасықтар жасаған ижма

дәлелге саналмайды

325

.

5. Қияс

Қияс (салыстыру/аналогия әдісі). Қиястың сөздік

мағынасы «Өлшеу, салыстыру, теңестіру» дегенді

білдіреді

326

. Ал фиқһ әдіснамасында қияс – Құран

аяттары мен хадистерде және ижмада ашық үкімі жоқ

қандай да бір қалыптасқан ахуалды Құран мен хадисте

сөз болған қандай бір жағдаймен салыстыра отырып,

325

Ижма мен шарттарына қатысты кең мәлімет үшін қараңыз:

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

271-280-б.; З. Шағбан, Усулул-

фиқһ (түрікше аударған И. К. Дөнмез, Ислам хукук илминин

есаслары), ТДУ баспасы, Анкара, 1990, 104-125-б.

326

Замахшари,

Әсәсул-балаға,

«Дәрус-садр» баспасы, Бейрут,

1965, 530-б.