Previous Page  176 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 176 / 400 Next Page
Page Background

176

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

ұқсастығына қарай шешім шығару

327

. Қияс нақты бір

негізге сүйенгенде ғана дұрыс саналады

328

.

Алдыңғы бөлімде де айтып өткеніміздей, имам

Ағзам қандай да бір мәселе шыға қалса, оның жауа-

бын әуелі Құран мен сүннеттен және сахабалардың

сөздерінен іздейтін, егер олардан дәлел таппаса, сонда

барып ижтихад жасайтын. Мәселенің жай-жапсарын

жан-жақты зерттеп, кейде қияс жасайтын, кейде

истихсанға жүгінетін. Халықтың игілігін көздеп,

«Дінде ауыртпашылық жоқ» деген қағидаға ерекше

мән беретін. Қияс жасаған кезде халықтың мәмілесіне,

әдет-ғұрпына сәйкес келмесе, истихсанмен амал етуге

пәтуа беретін. Қиясқа жүгінсе де истихсанға барса

да, адамдарға қиындық тудырмау жағына айрықша

ден қоятын. Әбу Ханифа қиястағы тапқырлығымен

көпшілікке танымал болған.

Имам Ағзам аят-хадистерді терең талдай

білгендіктен, замана талабына қарай Құран мен сүннет

және ижмадан дәлелі табылмаған жағдайлар жиі орын

алғандықтан, осыған қатысты мәселелерде қияс амалын

қолдануға мәжбүр болған. Өйткені, Ислам діні ең

соңғы дін, Құран соңғы кітап, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

соңғы елші, бұдан былай ақыр заманға

дейін басқа дін келмейді. Сондықтан, Ислам діні

тек бір-екі ғасырда орын алған күрделі ахуалдардың

шешімін ғана емес, келешекте туындауы мүмкін-ау

деген барлық мәселенің шешімін қамтитын қайнар көз

болуы қажет. Ал адам баласы өмір болған соң мүлдем

беймәлім жағдайлармен бетпе-бет келіп жатады.

Олардың жауабын беретін, үкімін айтатын бір қайнар

327

З. Шағбан,

Усулул-фиқһ,

126-б.

328

Х. Караман,

Ислам хукукында ижтихад,

18-б.