177
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
көздің болуы сөзсіз қажеттілік. Ал бұрын-соңды кез-
деспеген, кездескен күннің өзінде ұмыт қалған әрбір
жағдайдан шығудың жолын табу үшін Құран мен
хадистердің мағыналарын толық менгеріп, олардың
ішіндегі үкімдердің қандай мақсатпен айтылғандығын
біліп, соны бас қылтитқан мәселелермен салыстыра
отырып, жауабын табатын қағида – қияс. Имам Ағзам
осы қиясты да өте шебер қолдана білген.
Қияс – Ислам шариғатында негізгі дәлелдерді
табудың бір әдіс-тәсілі. Пайғамбармыздың
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
уақытынан бүгінгі күнге дейін фиқһ ғалымдары
қиясты қолданып келеді. Олардың барлығы бірауыздан:
«Ақиқаттың ұқсасы – ақиқат, жалғанның ұқсасы –
жалған, ешкім қиясты жоққа шығара алмайды» деп,
оның шариғатта нақты дәлел екендігін айтқан
329
.
Өзімізге танымал төрт мәзһаб имамдары да қиясты
шариғатта дәлелдердің бірі ретінде қабылдаған.
Имам Шафиғи қиястың дәлел шығарудың маңызды
бірден-бір тәсілі екенін көрсету мақсатында: «Қияс
жолы арқылы шығарылған үкімдер де иләхи баянның
ішінде саналады» десе, тағы бір жерде «Кітап пен
сүннетте үкімі нақты белгіленбеген мәселелердің
шешімі насстардан (аят-хадистерден) түсіндіру әрі
қияс жолымен салыстыру арқылы шығарылады.
Ғалымдардың бұны жасауы кифая парыз болып
табылады»
330
деп түсіндіреді.
Қиястың шариғи дәлелдердің бірі екендігіне мы-
салдар.
1. Құраннан мысал.
Құран кәрімде «Хашр»
сүресінің екінші аятында Аллаһ тағала:
329
Ибнул Қайим,
Иғламу-муаққиғин,
1-т., 205-б.
330
Шафиғи,
әр-Рисәлә,
81-б, 368-б.