182
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
жасағанын көріп отырмыз. Олай болса, қияс – ижтихад
жасаудың бір түрі және шариғат үкімдері Құран мен
сүннеттен кейінгі дәлел.
Қиястың рүкіндері:
1. Асыл: үкімі наста (Құран, Хадис, ижмада) бар
мәселе.
2. Фарғ: үкімі наспен белгілі болмаған мәселені
наста бар мәселемен салыстыру.
3. Иллә: Үкімнің шығуына басты себеп.
4. Хукмул - асыл: Ол насс немесе ижма жолы
арқылы асылға негізделген үкім.
Мысалы: Аллаһ тағала Құран кәрімде ішімдікті
харам қылған және не үшін харам қылғандығын да
аятта білдірген:
َ يَا أَيّهَا الّذِينَ آمَنُواْ إِنّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالَنصَابُ وَالَزْلاَمُ
رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلّكُمْ تُفْلِحُون
«Ей, иман еткендер! Шарап, құмар, тігілген тастар
(пұттар) және пал ашатын оқтар лас, шайтанның
істерінен. Одан сақтансаңдар табысқа жетесіңдер
(ақыретте азаптан құтыласыңдар)»
334
.
Бұл аятта ішімдіктің харам екендігі айтылған. Әрі
харам екендігінің негізгі себебі ретінде ақылдан ада-
стыруы баяндалған. Осы аяттағы шараппен салыстыра
отырып, ақылдан адастыратын кез келген нәрсе харам
деген үкім шығарылған. Бұл қияс жолымен шешілген
мәселе.
Хамр
)الْخَمْرُ(
– жүзім суынан қайнатылып дайында-
латын ішімдіктің түрі. Ішімдіктің харам болу себебі,
334
«Мәида» сүресі, 90-аят