178
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
ِّ هُوَ الّذِي أَخْرَجَ الّذِينَ كَفَرُوا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ مِن دِيَارِهِمْ لَِوّلِ
َ الْحَشْرِ مَا ظَنَنتُمْ أَن يَخْرُجُوا وَظَنّوا أَنّهُم مّانِعَتُهُمْ حُصُونُهُم مِّنَ الل
ِ فَأَتَاهُمُ اللُّ مِنْ حَيْثُ لَمْ يَحْتَسِبُوا وَقَذَفَ فِي قُلُوبِهِمُ الرّعْبَ يُخْرِبُون
بُيُوتَهُم بِأَيْدِيهِمْ وَأَيْدِي الْمُؤْمِنِينَ فَاعْتَبِرُوا يَا أُولِي الَْبْصَار
«Ол сондай Аллаһ, Кітап иелерінен қарсы
шыққандарды демде елдерінен шығарды. Сендер
оларды шығады деп ойламаған едіңдер. Олар да
бекіністері өздерін Аллаһтан қорғайды деп ойлаған
еді. Алайда, Аллаһ оларды күтпеген тұстан бүріп,
жүректеріне қорқыныш салды. Олар үйлерін өз
қолдарымен әрі мұсылмандардың қолдарымен
талқандауда еді. Әй, ақыл иелері, ғибрат алыңдар!».
Осы аяттағы «Әй, ақыл иелері, ғибрат алыңдар!»
деген сөйлем қиясқа дәлел болады. Аталмыш аятта
Аллаһты жоққа шығару мен Пайғамбарға
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
және мұсылмандарға тұзақ құрудың
нәтижесінде Надыр ұлдары
331
елден қуылуы сөз болып
331
Яһуди Бану Надир руы (тайпасы) Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
қиянат жасайды. Пайғамбарымызға жанығып «Біз саған
жәрдем береміз, саған қарсы шықпаймыз» деп сөз беріп, Мәдина
қаласының маңына тұрақтаған тайпа еді. Ухуд соғысында
мұсылмандардың абдырап қалғанын сезген яһудилер дереу
Құрайыш мүшріктерімен бірігіп, мұсылмандарға қарсы соғыс
ашпақшы болды. Мұны білген пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
яһудилерге елден кетуі үшін он күн уақыт берді. Араға
екіжүзділер кіріп, олардың елде қалуы үшін Пайғамбармызға
жақсы жағынан көрсеткісі келді. Осылайша олар жиырма бір
күн бойы мұсылмандардың қоршауында болды. Аллаһ олардың
жүректеріне қорқыныш салды. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
оларды жүктерін көтере алғанынша түйелеріне арттырып,
қару- жарақтарын сыпырып алып, елден түре қуды. Көпшілігі
Сирияға, кейбіреулері Хайбар мен Хираға жер аударылды. Кейін
Омар (р.а) оларды Хайбардан да қуды. Олар Шам шаһарын пана-
лады.