Previous Page  180 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 180 / 400 Next Page
Page Background

180

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

әкеңнің орнына қажылыққа бара аласың»

332

деп жауап

береді.

Бұл хадистен әлгі адамның сұрағына Пайғам-

барымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

әкеңнің орнына қажылыққа

барсаң болады немесе болмайды деп бірден үзілді-

кесілді жауап бермей, керісінше өзіне сауал тастап,

қарыз бен қажылықты бірге қарастырып, содан кейін

ғана ақырғы сөзін айтқанын байқаймыз. Осылайша,

әлгі кісіге әкесінің қарызын өтей алатыны секілді,

қажылығын да өтей алатынын сабақтастыра отырып

түсіндірген.

ә) Әбу Бәкір (р.а.) Құран кәрімде кездесетін

)الكَلاَلَة(

«Калала» сөзінің мағынасы жайлы сұрағандарға: «Бұл

мәселеде өзімнің көзқарасымды айтамын. Егер дұрыс

болса, ол Аллаһтан, ал егер қате болса, ол өзімнен

немесе шайтаннан» дейді-дағы «калала» деп әке

мен бала жоқ болған жағдайдағы мұрагерлерге ай-

тылады» дейді. Әбу Бәкірдің айтқан «көзқарасым»

дегенінде өзінің қиясқа жүгінгенін аңғартады. Бұл

жерде ол әкені баласымен салыстыра отырып, үкім

шығарған. Негізінде, Құранда баланың мұралығы

жайында айтылған, ал әкенің мұрагерлігіне қатысты

үкім айтылмаған еді. Міне, сондықтан сахабалар әкесі

жайында сұрағанда хазірет Әбу Бәкір әкені баласының

жағдайымен салыстыра отырып жауап берген

333

.

б) Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Мұғаз

ибн Жабалды Йеменге қазылыққа тағайындайды.

Оны аттандырған кездегі әңгімеден де қиястың рай

ижтихадының бір түрі екенін аңғарамыз. Сондықтан,

қияс үкім шығаруда дәлелге саналады.

332

Бұхари, 4/286.

333

Х. Караман,

Ислам хукукында ижтихад,

59-б.