166
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
кеңірек тоқталатындықтан, қысқаша мәлімет берумен
шектелгенді жөн көрдік.
3. Сахабалардың сөздері
Фиқһ ғалымдарының анықтамасы бойынша сахаба
– Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көзін көрген,
оған иман келтіргенжәне онымен көп уақыт бірге болған
достарына берілетін атау
305
. Осы анықтамаға орай
әділетті төрт халифа, Пайғамбарымыздың жұбайлары,
Әбу Хұрайра, Абдуллаһ ибн Мәсғұд, Абдуллаһ ибн
Аббас, Зәйд ибн Сәбит секілді Адамзаттың ардақтысы
Мұхаммед Мұстафаға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
иман келтіріп,
онымен ұзақ уақыт бірге болған, іс-қимылдарын,
ғибратты ғұмырына куә болған, сөздерін көкейлеріне
тоқып, ізгі қасиеттерін бойларына сіңірген мұндай
адамдар сахаба
306
деп аталады.
Сахабалар – Пайғамбарымыздың көзін көрген, оған
ең жақын адамдар. Олар – Пайғамбарымызбен
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
бірге болып, уахидің түскеніне куәлік етіп,
шариғаттың негізгі мақсаттарын ең жақсы түсінгендер.
Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хадисінен кейін ең
сенімді сөздер соларға тән. Олардың қияспен амал
еткен қандай да бір көзқарасы біздің тереңнен толғап,
305
Хадис мамандарының анықтамасы бойынша, олардың
Пайғамбарымызбен ұзақ уақыт бірге болуы шарт емес.
Пайғамбарымызды бір рет көріп, оған иман келтірген кісілерді
сахаба деп атаған. Кейбір фиқһ ғалымдары да осы көзқарасты
қолдағанымен, көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша
мұндай кісі сахаба болып саналмайды. Кеңірек мәлімет алу
үшін қараңыз: Қ. Құрманбаев,
Хадис
ілімі, 53-60-б.
306
Араб тіліндегі жекеше түрі сахаби, көпше түрі сахаба. Тілімізде
сахаба деу әдетке айналғандықтан жекеше түрдегі сахаби
сөзінің орнына көпше түр формасындағы сахаба сөзін жекеше
түрді білдіру мақсатында алдық.